АРЫСТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
18

Бүгін Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қаланың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Қожатоғай ауылында былтырғы жылы атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып өтті. Кездесуге Арыс ауданы прокуроры Алмас Арыстанбеков, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және ауыл тұрғындары қатысты.

Былтыр Қожатоғай елді мекенінде орналасқан Есқожа, Майлықожа, Елекеев көшелерінің жарықшамдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңшалары күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ Қожатоғай елді мекеніндегі Аженов көшесіне, Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан асфальт төселді.

Бұдан бөлек ауыл ішінде үй іргелік ағын су жүргізу үшін тиісті құрылғылар сатып алынды. Енді электр сымдары жалғау жұмыстары жүргізіледі. Биыл Қожатоғай, Байтоғай елді мекендеріне жаңадан су тазалау станциясы орнатылады. Ал Қожатоғайдағы су тазалау станциясын Шөгірлі елді мекеніне ауыстырылады. Оған қоса шалғайдағы Бұлақ, Дарбаза елді мекендеріне «Омега» су тазалау қондырғысы орнатылады.

Бүгін округ орталығынан су жаңа Спорт зал кешені пайдалануға берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған кешен барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда жасөспірімдер мен балаларға арналған олимпиядалық спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Жалпы ауданы 371,65 шаршы метрді құрайды. Мұнда медициналық бөлме, ішкі дәретханалар, гардероб та қарастырылған. Бір уақытта 100-ден астам адам спортпен шұғылдана алады. Енді ауыл жастары волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннисі, күрес, гимнастика сынды спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша 2 спорт кешені мен 100-ден астам спорттық алаңқайлар мен спорт залдар, жаттығу құрылғылары бар. Бүгінгі таңда қалада 4 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде 15 түрлі спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.

Айта кетейік, округ орталығынан Мәдениет үйі мен кітапхана комплексін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Кездесуде тұрғындар тарапынан салынады деп жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орнын ауыстыру, ауыл ішіне өтетін ағын су мәселелері айтылды. Шаһар басшысы әр мәселені жіті тыңдап, бірқатарының шешімін сол жерде айтса, кей мәселені ауыл әкімі мен жауапты сала басшыларына бірлесіп шешуді тапсырды.

Leave a reply