АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0
20

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жарияланып, тазалық жүргізуді бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті өмір салтына айналуын ұйымдастыру міндеті белгіленді.
Бұл бағытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан қалаларда тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Арыста «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда. Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады.

Сонымен қатар Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда. Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда. Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков саябақтарында да жалғасуда. Аталған жұмыстарды «Qazaq Real Stroy» ЖШС атқаруда. Ал И.Ақымбеков көшесі бойындағы аллеяда автоматты суару жүйелері іске қосылып, газондарды суару жұмыстары. сонымен қатар тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

Аталған экоакция шеңберінде саябақ пен аллеялардан бөлек көшелер де абаттандырылып, арамшөптер шабылып, күл-қоқыстан тазалануда. Осы аптада С.Адамбеков саябағында шым төсемелер мен отырғызылған ағаштарға автоматты суғару жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. И.Ақынбеков көшесі бойындағы саябаққа жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды. Ал, Мәңгілік ел саябағындағы ағаштарға күтіп жасалынып, жайқалған гүл түптерінің айналасын шөптен тазалау жұмыстары жүргізілді.

Теміржол үсті аспалы көпір айналасындағы шөптер орылып, тазаланып алынды. Арбат аумағын қоқыстан тазалау, орындықтарды сырлау, талдарды әктеу жұмыстары күнделікті атқарылуда. Орталық және ішкі көшелердегі істен шыққан жарықшамдар ретке келтіру жұмысты үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқан «Qazaq Real Stroy» қызметкерлері тұрғындарға, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың ата-аналарына саябақ ішінде орнатылған қондырғыларды бүлдірмеуді, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауды сұрайды.
Тазалық жұмыстары – ең алдымен халыққа бір ауық тынығып, қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалынады!

Leave a reply