АРЫС: АҚДАЛА АУЫЛЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
27

Түркістан облысына қарасты бірқатар аудан, қалаларда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Бұл бағытта Арыс қаласы, Ақдала елді мекеніне көгілдір отын берілмек. Аталған жоба аясында жауапты мамандар тиісті жұмыстар атқарып келеді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында шаһар басшысының тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Кездесу Дермене және Ақдала ауылында жалғасты. Алдымен барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндап, тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап берілді.

«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Ақдала ауылы ортасынан Мәдениет үйі мен кітапхана комплексін пайдалануға бердік. Енді, жергілікті тұрғындар өтінішіне сәйкес ауыл орталығынан заманауи спорт залын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірлеп, республикалық бюджетке қаржыға ұсыныс енгізілді. Сәтін салса алдағы уақытта ауылдан жаңа спорт зал салу жоспарлануда» — деді шаһар басшысы.

Өткен жылы Ақдала ауылы аумағында орналасқан Ақын-Жақып кесенесін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, П.Арапов елді мекенінде 1 трансформатор жаңартылған. Округ орталығында да дәл осындай трансформатор жаңартылып, 5,3 шақырым электр желілері ауыстырылған.
Енді, ауыл ішіндегі 11 көшенің ескірген ауыз су құбырларын жаңарту қолға алынуда. Ол үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірлеп, құрылысын 2024-2025 жылдары жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Ақдала, П.Арапов елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. 2025 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Өткен жылы Ақдалада мектеп бітірген 20 жылдық түлектер ауыл жастарымен бірлесіп, аз қамтылған отбасыға асарласу дәстүрімен баспана салып берді. Кездесуде қала басшысы берекелі ауыл тұрғындарының бастамасына ризашылығын білдіріп, ауыл жастарының ұйымшылыдығын үлгі етті.

Жиында ауыл әкімі Тоқберген Байекеевтің жылғы атқарған жұмыстары мен және биылғы көрсеткеткіштер бойынша есебі тыңдалды. Қала басшысы ауыл әкіміне ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде су үнемдеу технологиясын енгізу, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындармен тығыз жұмыс жасау және өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.
Айта кетсек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін көрсету бағытында жұмыстары қала көлемінде тұрақты іске асырылуда.

Leave a reply