Суббота, 5 октября

Бәйдібек ауданында 5 пайыздық мөлшерлемемен 36 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несиелендірілді

0
74

Бәйдібек ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі таңда «Ырыс» МКҚҰ арқылы жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жалпы 36 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 382 млн. теңгеге несиелендірілді.

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнім көлемі соңғы 5 жылда 54,7 пайызға өсіп, былтыр 35,6 млрд. теңгеге жетті. Биыл 7 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 39,1 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Облыста 273,4 мың гектар масақты дақылдардың 24,1 пайызы немесе 66 мың гектарын Бәйдібек ауданының егіс алқабы құрап отыр. Оның ішінде, бидай 53 мың га, арпа 13 мың га болып табылады. «Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға 109 345,9 га игерілді (105,6%).

1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру жоспары 66,4 гектар болса, бүгінгі таңда (картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ) 33 жоба іске асырылып жоспар толық орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 37 техника алынып, тапсырма 49,3 пайызға орындалды.

Мал басын көбейту бойынша өсім бар. 2023 жылы 7 аймен ірі қара мал – 67,5 мың бас (101,1 пайыз), қой- 587,9 мың бас (102,2 пайыз), ешкі – 56,9 мың бас (99,4 пайыз), жылқы – 30,2 мың бас (110,9 пайыз), түйе 286 (101,8 пайыз), құс – 125,5 мың бас (103,4 пайыз) басты құрады. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды. 2023 жылы 7 айда ет 100,2 % (6 067,6 тонна), сүт 99,5% (21 314,6 тонна), жұмыртқа 103,2 % (7 454,8 мың дана) өндірілді.

Бәйдібек ауданында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысушы ретінде Бәйдібек ауданынан 4 ауылдық округ тіркелген. Негізгі қатысушы ретінде – Алғабас, Ақбастау, қосымша қатысушы ретінде – Борлысай, Көктерек ауылдық округтері анықталды.

Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округінен (халық саны – 4 617 адам, үй саны – 436) мал шаруашылығы бағытындағы «Арыстанды Агро» АШӨК құрылды. Құрамында бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 108. Қазіргі таңда несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 73 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданды. Оның ішінде 57 жоба оң қорытынды алып, қазіргі таңға дейін жалпы соммасы 335,3 млн.тг-ге 54 жоба қаржыландырылды.(6- теріс қорытынды). Одан бөлек 10 жоба құжаттары толық жинақталып несие комитетіне жолданды. Ақбастау ауылдық округі (халық саны – 5 110 адам, үй саны- 976) бойынша сүт бағытындағы «Майлы-7» АШӨК пен мал бордақылау бағытындағы «Қостұра-7» АШӨК құрылды.

«Майлы-7» АШӨК құрамында мүшелікке бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 35. Қазіргі таңда несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 11 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданды. Оның ішінде 7 жоба оң қорытынды алып, қазіргі таңға дейін жалпы соммасы 38,5 млн.тг-ге 7 жоба қаржыландырылды. (2- теріс қорытынды). Одан бөлек 2 жоба құжаттары толық жинақталып несие комитетіне жолданды.

«Қостұра-7» АШӨК заңды тіркелгендер саны – 70. Қазіргі таңда несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 58 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданды. Оның ішінде 37 жоба оң қорытынды алып, қазіргі таңға дейін жалпы соммасы 191,4 млн.тг-ге 31 жоба қаржыландырылды.(4- теріс қорытынды). Одан бөлек 17 жоба құжаттары толық жинақталып несие комитетіне жолданды.

Борлысай ауылдық округінен (халық саны – 2 829 адам, үй саны – 448) мал шаруашылығы бағытындағы «Борлысай-2023» АШӨК құрылды. Құрамында бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 32. Қазіргі таңда несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 21 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданды. Оның ішінде 16 жоба оң қорытынды алып, қазіргі таңға дейін жалпы соммасы 76,6 млн.тг-ге 12 жоба қаржыландырылды.(4- теріс қорытынды). Одан бөлек 3 жоба құжаттары толық жинақталып несие комитетіне жолданды.

Leave a reply