Воскресенье, 6 октября

КЕЛЕСТЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШАМЫН ДЕГЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

0
66

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталып кетті. «Ауыл аманаты» жобасына облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы өңірімізден орташа есеппен алғанда 2500-ден аса азамат бағдарламаға қатыса алады деп жоспарланып отыр. Жоба шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған.

Бұл бағытта Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінен «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасына 20 жоба ұсынылған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындармен кездесуінде айтты.
Бастапқыда тек мал бордақылау, балық және жылыжай салу бойынша құжаттар қаралса, қазіргі таңда шағын кәсіп ашуға да басымдық беріліп отыр.

— Ақтөбе және Біртілек ауылдық округін ресми түрде «Ауыл аманаты» жобасына енгізілді. Кәсіп бастаймыз деген азаматтарды сүйемелдеуге дайынбыз. Сонымен қатар алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелерді шешу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсам, Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған Ғ.Мұратбаев елді мекендеріне мектеп құрылысын жүргізу мәселесі бар. 2023 жылы Ғ.Мұратбаев елді мекені аумағынан 600 орындық жайлы мектеп құрылысы басталмақ. Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған елді мекендері аумағынан 300 орындық мектеп құрылысы 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілмек, – деді Жәнібек Есенұлы.

Сонымен қатар, ауданда тұрғындар сұранысы негізінде каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр. Оның ішінде Ошақты ауылдық округі аумағындағы Жиделі каналына механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Теріс каналының 17 шақырымы мен Тешебай және Қуандық каналдары да механикалық әдіспен тазаланады деп жоспарланған.Бұдан бөлек, аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша газ жеткізгіш құбырдың құжаттары заңдастырылып жатыр. Ішкі жүйелердің құжаттары толық аяқталған. Сондай-ақ, Бірлесу ауылдық округі аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сапалы инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды жүзеге асыру сынды шаралар атқарылып жатыр.

— Қазіргі таңда «Абай Келес аудандық ауруханасы» МКК тарапынан 28 гвардия елді мекені аумағынан дәрігерлік емхана құрылысы үшін мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалды. Мәселе толық шешімін тапқанша өз бақылауымда болады. Сонымен қатар таяу күндері Бірлесу ауылдық округіндегі кезек күттірмейтін ішкі каналдармен қашыртқыларды тазалау үшін «Тұран Су» мекемесімен ішкі каналдар механикалық тазалаудан өткізіледі, – деді аудан әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күші екенін айтып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде жүзеге асып келеді. Биыл аталған жоба Түркістан облысында жүзеге асады деп күтілуде. Оған республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Бұл жобаға өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады.

Түркістан облысы кәсіпкерлерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге аудан және қалаларда түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Бүгін аталған жұмысшы топ ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келіп, микроқаржы ұйым жетекшілері және ауыл шаруашылығы кооперативтері өкілдерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай ашып, жұмысшы топпен таныстырды. Мұнан соң Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сыдықов, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Таңатар Жақыпбаев және микроқаржы ұйым жетекшілері жобаның мақсаты мен тиімді жақтарын айтып, өз кәсіпкерлігін ашамын, дамытамын деген шаруаларға арналған қолдаулар мен жеңілдіктер жайында түсінік беріп өтті.

Leave a reply