КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ЖЫЛЫЖАЙДАН МОЛ ӨНІМ АЛУДА

0
18

Келес – еліміздің оңтүстік нүктесінде орналасқан егіншілікке қолайлы аумақ саналады. Мұнда көктем ерте шығатындықтан диқандар да ерте қимылдап, көкөніс дақылдары сәуір айында пісе бастайды. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылық саласы болып табылады.

Бүгінде Келес ауданындағы шаруалар қиярдан алғашқы өнімді алып жатыр. Қошқарата ауыл округі Бесқұбыр елді мекенінің тұрғыны Мұхамед Қалыбаев 2012 жылдан бері жылыжайда көкөніс егумен айналысады. Шаруа көбіне қызанақ пен қияр егеді. Бүгінде қожалық иелігінде 66 соттық жылыжай бар.

Ақпан айында мұнда 21 мың қияр көшетін отырғызған. Араға 1 ай салып, қияр алғашқы өнімдерін бере бастады. Жылыжайда екі күн сайын 3 тоннаға жуық қияр жиналады. Шаруа дайын өнімдерді Алматы, Астана, Шымкент қалаларына жөнелтеді. Қазіргі таңда қиярдың егістік басындағы құны 1 келіге – 500-600 теңгеден бағаланып отыр. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлықтары 150-160 мың теңгенің арасында.

Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 88 гектарды құрайтын жылыжай кешені жұмыс істейді. Ондағы шаруалардың басым бөлігі көкөністің қияр, қызанақ түрлерін жетілдірсе, біршама шарулар құлпынай өсіріп, көшет жетілдіруді жолға қойған. Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан болса, жергілікті шарулар озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасын кеңінен қолдануда.

Сонымен қатар Келес ауданында қырыққабат пісіп, экспортқа шықты. Бүгінде Түркістан облысы, Келес ауданында шаруалары қырыққабат жинауда. Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының диқандары дайын өнімді экспортқа жөнелтіп жатыр. 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысатын Нұрмұхаммед Омаров өзі төрағалық ететін шаруа қожалағы аумағындағы 1 гектар суармалы егістік алқабына қырыққабат өнімін егіп, 20 тонна өнім алды. Шаруа дайын өнімді Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сауда орындарына жөнелтілуде.

Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша 6 дана жаңбырлатып суару (барабандар) агрегаты алынып, нәтижесінде 64 га аумақта шаруалар жаңбырлатып суару арқылы өнім алуда. Өңір шаруалары бүгінде алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасын сәтті жүзеге асыруда. Аталған жоба шеңберінде 320 шаруа қожалық жалпы 1655 гектарға егіс екті. Сонымен қатар өнім көлемін арттыру және ағын суды үнемдеу мақсатында 246,8 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Биыл су үнемдеу технологиясын 1037,8 га аумаққа ендіру жоспарланып, қажетті шаралар атқарылуда.

Leave a reply