Кентауда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдар жөнделген

0
20

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты ауылдарда жол жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі кезде Хантағы ауылындағы 8,3 шақырымды құрайтын жол жөндеуден өтіп жатыр. Жалпы ауылдағы Хантағы, Үсенбаев, Қаратау, Иманов, Достық, Н.Төреқұлов көшелеріне асфальт төселеді.

Бұдан бөлек, қалаға қарасты Ащысай ауылындағы 4 көшенің де жолдары аталған бағдарлама аясында жаңартылады. Сонымен қатар, ауылдардағы электр желілері жүргізілген бағаналарды ауыстыру жұмыстары да «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Leave a reply