Воскресенье, 29 сентября

КЕНТАУ: ҚОҒАМ ҮШІН ПАЙДАЛЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
7

Елімізде «Әлеуметтік кодекс» өз күшіне енгеннен кейін жұмыс күшіне байланысты сұраныс пен ұсынысты талдап, еңбек мобильділігін қамтамасыз етіп отыратын орталықтар ашылды. Яғни, бұған дейін жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап» орталығы болып қайта құрылды. Орайы келгенде Кентау қаласында жұмыспен қамту саясатын жүйелі дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Мансап» орталығының директоры Жақсылық Кайдауловпен сұхбаттасқан едік.
—Жақсылық Нұралыұлы, әңгімемізді орталықтың атқаратын жұмысынан бастайықшы…
– Өзіңіз айтып өткендей, бұған дейін Халықты жұмыспен қамту орталығы болып келген Кентау қалалық «Мансап» орталығы жұмыссыз жүрген азаматтарды есепке тіркейді. Сонымен қатар, жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздардың тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетеді, уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Көріп отырғаныңыздай, қоғам үшін мұндай бастамалардың пайдасы өте көп. Нақты тоқталар болсақ, бүгінде біз қоғамдық жұмыстар бойынша мүмкінд-ігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып отырмыз. Олар қоғамдық бірлестіктерге барып, белсенді жұмыс істеуде. Қиын жағдайға тап болған азаматтар, сол сияқты жазасын өтеп келгендер де біздің көмегімізге жүгінеді.
Биылғы жылдың 6 айында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін 4 рет ұйымдастырдық. Жұмыс беруші мен жұмыссыз жүрген адамдар осы жәрмеңкеге келіп, жұмыс берушімен тікелей сөйлесіп, «екі қолға бір күрек» табуға мүмкіндік алды. Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің ұсынған пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған 16 азамат Кентау қалалық «Мансап» орталығына ресми жұмыссыз ретінде есепке тіркелді. Оның ішінде «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту шараларына 5 азамат тартылды. Сонымен қатар, Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы № 612 қаулысы «2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру туралы» квотаға сәйкес 1 азамат «Кентау сервис» МКК, 2 адам «Жасыл қала» МКК жұмысқа орналасты. Бос ваканция бойынша 7 адам жұмысқа жіберілді.
— Сөзіңізден аңғарғанымыз «Бос жұмыс орындары жәрмекесінің» халыққа тигізіп жатқан пайдасы орасан зор. Нақты айтыңызшы ағымдағы жылы аталған жермеңке бойынша жұмысқа қанша адам орналасты?
— Кентау қалалық «Мансап» орталығында «ҚР Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңбер-інде жұмыссыз жастарды, пробация қызметі есебінде тұрған тұрғындарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарды, аз қам-тылған азаматтарды, алимент бойынша үш айдан асқан берешегі бар борышкерлерді, еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткі-зіліп тұрады. Ағымдағы жылдың шілде айында өткен жәрмеңкеге Кентау қаласы прокуратурасының, Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің, Түркістан облысы бойынша Әділет департаментінің ауданаралық сот орындаушылар жөніндегі ауданаралық бөлімінің өкілдері қатысып, бірінші ретте пробация қызметі есебінде тұрған тұрғындарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың жұмысқа орналасуын назарға алды.
Жалпы қалада жыл басынан бері өткізілген жәрмеңке нәтижесінде 38 жұмыс берушіден 189 тұрақты жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс іздеп келгендерге «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұж-ырымдамасы» шеңберіндегі алғашқы жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша ақпараттар берілді. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жергілікті тұрғындарға ерікті түрде Солтүстікке қоныс аудару туралы мемлекеттік бағдарлама бойынша кеңес берілді.
Үкімет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары — халық игілігі үшін жасалынған ұлттық жобалар болып табылады. Мемлекет «Мансап» орталықтары арқылы азаматтарға жұмыс іздеуге жәрдемдесіп, жұмыс орындарын ұйымдастырып және жұмыс берушілерге жалақы субсидиялайды.
Субсидиялық жұмыс орындарының бірі – қоғамдық жұмыс орны. Оған арнайы дипломы жоқ, біліктілігі мен тәжірибесі жоқ кез-келген адам қатыса алады. Қалада жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа жолдама алғандардың саны 567-і құрап отыр.
Сонымен қатар, жыл басынан бері барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға «Әлеу-меттік жұмыс орындары» жобасымен 148 адам жұмысқа жолдама алды. Бүгінгі таңда оның 117-і тұрақты жұмысқа қабылданды. Айта кетейік, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін «Мансап» орталығымен келісім-шарт түзіп, жұмысшылрдың жалақысын субсидиялай отырып құрылатын жұмыс орны болып табылады. Онда тұрмыс жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға басымдық беріледі. Жұмысқа орна-ласқан жұмыссыздардың жалақы-сының 35 пайызы мемлекет есебінен төленеді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
– Ал, егер де жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындарға тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда қандай шаралар қабылдайсыздар?
– Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға жұмыс тауып бере алмаған жағдайда оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы болмаса, енді бірінің қолында диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген болады. Ондай жандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» деген бағыттар бойынша жұмыс ұсынамыз. Я болмаса, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдаймыз.
— Түсінікті. Қазіргі таңда өңірім-ізден жұмыс күші тапшы болған аймақтарға тұрғындарды ерікті түр-де көшіру жұмыстары жүргізілуде. Айтыңызшы, мұндай бағдарламаға кімдер қатыса алады?
— Өңірімізден өзге аймақтарға арнайы бағдарлама бойынша қоныс аударатын адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беріледі. Жұмыс беруші жұмыс-керге тұрғын үй немесе қызметтік тұрғын үй, жатақханалардан бөлме қарастырылған. Жұмыс берушінің қаж-еттілігі болған кезде азаматтар кәсіптік тұрғыда білімдерін жетілдіреді. Жалпы олардың жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Өткен жылы қаладан еліміздің өзге аймақтарына 4 адам жұмыс бойынша қоныс аударды. Биыл бір адам жұмыс бабымен Семей өңіріне көшті.
Кез-келген жастың оқуды бітіріп, мамандық иесі атанып, қолына диплом алғаннан кейін жұмыс іздейтіні белгілі. Алайда, тәжірибесі жоқ адамды жұмысқа ешкімнің алғысы келмейді. Осындай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы, ол – «Жастар практикасы» бағдарламасы. Бұл — жас маманның тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін бағдарлама. Былтыр Кентау қалалық «Мансап» орталығы арқылы 410 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа жолдама алды.
Айта кетейік, «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары және арнаулы білім беру ұйымдарының түлектеріне (алдыңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтағанын растайтын дипломы бар және 35 жастан аспаған азаматтарға) арналған. Оның ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды. Кентау қаласында жыл басынан бері «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 122 өтініш білдіруші жұмысқа жолдама алды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылады. «Мансап» орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 18 ай жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастардың тәжірибе мен біліктілігін арттырады. Бұл жобаға 35 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатысады. Мұның да еңбекақысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрайды. Алдымызға қойған жоспарға сәйкес биыл жыл соңына дейін 90 адамды жұмысқа орналастыру көзделген болатын. Ағымдағы жылдың 6 айында қалада «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 78 адам жұмысқа орналасты.
— Мемлекет тарапынан жұмыссыз жүрген жастарға арналған бағдар-ламаларды білдік, ал енді зейнет жасына жақындаған адамдарға қандай қолдау көрсетіледі?
— Сұрағыңыз өте орынды. Иә, қазіргі таңда үй шаруасымен айналысып, жұмыссыз отырған әйелдер көптеп кездеседі. Олар зейнет жасына жақы-ндағанда жұмысқа тұруға ниет білдіреді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем-десудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтіледі. Өткен жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізілді. Қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылған. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды. «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Кентау қаласы бойынша жыл басынан бері 105 адам жұмысқа жолданды.
— Кәсіп бастаймын деген кәсіпкер-лерге мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілуде? Аталмыш жоба аясында ағымдағы жылы қанша адам грант ұтып алып, кәсіп бастады?
— Әрине, өзінің жеке кәсібін ашуға ниетті, бірақ қаражаты жоқ жандарға мемлекет тарапынан қолдау білдіруде. Өткен жылы 4 лек бойынша грантқа құжаттар қабылданды. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Кентау қаласы бойынша 2023 жылы төрт лек бойынша 691 адам грантқа өтінім берді. Нәтижесінде, комиссия мүшелерінің шешімімен 90 адам грант иегері атанды. Ал, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жүзеге асырылатын «Мемлекеттік қайтарымсыз грант» бағдарламасымен 2024 жылы бірінші лекте 106 адам грантқа өтінім берген болатын.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссия мүшелерінің алдында мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға өтінім бергендердің ішінен 91 адам өз бизнес жобаларын қорғап, 15 адам комиссия отырысына келмеді. Комиссия мүшелерінің толық дауыс беруінің нәтижесінде 1-лекте 37 адам грант иегері атанды.
2024 жылдың 15 шілде айынан 25 шілдеге дейін «Еңбек.кз» сайты арқылы мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттың 2-ші легіне құжаттар қабылдау басталды.
— Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Раушан НАРБЕК

Leave a reply