Мақтааралда «Жайлы мектеп» жобасы аясында бес мектеп салынуда

0
24

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Мақтаарал ауданында бес мектеп салу жоспарланған болатын.

Тарқата айтсақ, аудандағы Атакент кентінен 1500 орындық және 900 орындық мектеп құрылысы, Жамбыл ауылдық округі, Абай елдімекенінен 900 орындық мектеп құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елдімекенінен 600 орындық мектеп құрылысы және Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елдімекенінен 300 орындық мектеп құрылысын 2024 жылы бастап, 2025 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Жаңа мектептер пәндік және жаңа модификацияланған кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.
Қазіргі таңда мектеп құрылыстарын жүргізуге қажетті жер телімдері нақтыланып, құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, жобаларды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізіліп, меморандумдар түзілуде.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Мақсатқа жету үшін екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:

— Қалалар мен ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 740 мың жаңа оқушы орнын пайдалануға беру. (екі ауысымды оқыту кезінде);
— Ұлттық жоба шеңберінде қолданысқа тапсырылатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Leave a reply