Воскресенье, 6 октября

Ордабасы ауданының экономикасының негізгі драйвері ауыл шаруашылығы саласында 9 айда 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

0
53

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.

Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті (2022 ж. –мың га). Дала жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге мың тонна картоп, мың тонна көкөніс, тонна бақша өнімдері жиналды.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биыл 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

Leave a reply