Суббота, 5 октября

ОТЫРАРДА СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
79

Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы барша отырарлықтар үшін күн тәртібінен түспейтін басты мәселеге айналған. Әр сенбі сайын аудан тұрғындарымен қатар, аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері өз аулаларынан бастап туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек етуде.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округі аумағында жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке ауыл округтегі мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және ерікті жастары қатысты.
Шара барысында ауылдағы егілген ағаш көшеттері суғарылып, 3 тоннаға жуық күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдық заттар арнайы полигондарға шығарылды.«Тазалық — денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Сондықтан да өзіміздің тұрып жатқан жеріміздің тазалығын сақтап, тазаланған жерлерді ластамауға барынша көңіл бөлуге шақырамыз.

Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға 17 облыс пен 3 қаланың тұрғындары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Әр өңірдегі жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция 5 аптаға жоспарланған.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы 8 сәуір күні басталды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде мәлімдеді. 5 аптаны айырықша атауларға бөліп, қоршаған ортаға қажетті жұмыстарды нақтылап та берді. Алғашқы аптаға – «Таза өлке» деген атау берілген. Бұл апта жалпы республикалық сенбілікпен байланысты. Әр өңірдегі мекемелер, әлеуметтік нысандар мен тұрғындар өздері тұрған аумақты қоқыстан тазартты. Екінші апта – «Киелі мекен» деген атаумен айшықталды. Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қанатты сөз бар. Еліміз батырларға, ел басқарған ұлы тұлғаларға, Ұлт ұстаздарының рухына құрмет көрсетуді ұмытқан емес. Тарихы терең елде тарихи-мәдени ескерткіштер жетерлік. Бүгінде тарихи бейнесімен қатар туристік сипат алып келе жатқан орындарды таза ұстау бүгінгі ұрпақтың борышы. Ежелгі нысандардың тазалығы ұлттың рухани байлығын көрсетеді.

Leave a reply