ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

0
27

Отырар ауданында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгінде акция аудандағы барлық ауыл округтерде өткізіліп жатыр. Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, ауыл тұрғындары мен еріктілер атсалысуда. Атқарылған жұмыстар барысында көше бойлары күл-қоқыстардан тазартылуда. Одан бөлек, арнайы орындар мен мекемелердің қоршаулары сырланып, ретсіз жатқан шөптер шабылды.

Жалпы сенбілік жұмыстарына аудандағы «Отырар – 2050» көгалдандыру мекемесі мен жергілікті кәсіпкерлердің арнайы техникалары жұмылдырылды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, ауданда тұрғындар тарапынан ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде жүргізілуде.

Үйдің тазалығы іргесінен, ауласынан көрінеді. Ал, таза көше мен көгал саябақтар елдің айнасы іспетті. Қоршаған ортасы таза елдің жаны да таза. Осындай мысалдарға толы «тазалық» сөзінің мағынасы терең. Жеке тазалықтан бастап, қоғамдық тазалыққа дейінгі әрекеттердің барлығы адамның шынайы ниетімен жасалатын дүние.Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға 17 облыс пен 3 қаланың тұрғындары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Әр өңірдегі жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция 5 аптаға жоспарланған.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы 8 сәуір күні басталды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде мәлімдеді. 5 аптаны айырықша атауларға бөліп, қоршаған ортаға қажетті жұмыстарды нақтылап та берді. Алғашқы аптаға – «Таза өлке» деген атау берілген. Бұл апта жалпы республикалық сенбілікпен байланысты. Әр өңірдегі мекемелер, әлеуметтік нысандар мен тұрғындар өздері тұрған аумақты қоқыстан тазартты.

Leave a reply