САЙРАМДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
18

Сайрамда жол жөндеу жұмыстары аудан әкімі Арман Сәбитовтың жіті бақылауында. Аралау барысында мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын уақытында әрі тиянақты аяқтауды тапсырды. Бүгін жауапты тұлғалармен бірге Ақсукент ауылындағы жол құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға барды. Аралауда Ақсукент ауылындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 25,5-33,8 шақырым аралығы (Рубин мен А-2 Өзбекстан-Ташкент-Шымкент-Алматы-республикалық маңызы бар автомобиль жолы 8,3 шақырым) жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.

Бүгінгі таңда «Береке-А» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан екі қабат жаңа асфальт жабындысын төсеу, суағарлар мен аяқжолдар салу секілді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, келесі айдың басында жолды ашу жоспарланып отыр.
Тұрғындар қатынасы мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін аудан әкімі Арман Сәбитұлы тиісті тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы жүргізуді жүктеді.

Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар легі жетерлік. Айта өтейік Сайрамда мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Қазіргі таңда Сайрам ауданында түрік технологиясының негізінде бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Олардың қатарында түрік инвесторлары қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы саласындағы жоба да бар.

«Burabai biogas&fertilizers factory» ЖШС компаниясы ауданымыздың қазынасына инвестиция құюға ниетті. Жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт биогаз өндіруге қауқарлы компанияның өкілдері аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездесті. Басқосу барысында кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында ауданда 15 га аумаққа мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салуды талқылады. Бұдан бөлек, биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды. 2024-2025 жылдары салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасы жайлы жоспарларымен бөлісті.

— Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз жоспарды және жұмыстың орындалу мерзімін анықтап алуымыз қажет. Жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні жөнінде мәлімет толығымен жинақталуы тиіс. Қазіргі сіздер ұсынған жобаларға қатысты заң аясында қолдау қарастырылады. Аудан аумағында өндіріс көлемін көбейту – біздің басты мақсатымыз, – деді Арман Сәбитұлы.
Жалпы құны 5,5 миллиардтан асатын аталмыш компания Қазақстан аумағында 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба негізінен органоминералды тыңайтқыштар мен мал қалдықтарын өңдеуге, биогазды тазарту процесінен өткізіп, электр және жылу энергиясын жетілдіруге бағытталған. Аталмыш өндіріс нысаны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделетін болады.

Leave a reply