САЙРАМДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0
24

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын. Осы ретте «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, аудандық мәслихаттың аппараты, аудандық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жастар Рухы» ЖҚ мүшелері, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. «Таза бейсенбі» акциясы «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.

Аталған тазалық шарасына бірқатар күл-қоқыс тазалайтын жүк көліктері жұмылдырылды. Барша сайрамдық азаматтар тазалық жұмысына қызу кірісті. Атап айтқанда, Ақсукент ауылдық округі, Қарабұлақ тас жолы, Астана даңғылы, көше бойларын және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылды. Қоқыс қалдықтарынан арылған аумаққа тұрғындар да қызығушылық танытып, қолғабыс жасады. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірде алдын ала елді мекендердің ластанған аумағының картасы жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы жерлерді қоқыстан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

Leave a reply