Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты

0
73
2022 жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 202,0 млрд.теңгеге жетіп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 15,5% құрады. Жалпы өнімнің 53,6%-ы ауыл шаруашылық саласына тиесілі.
Өнеркәсіп саласында 47,9 млрд.теңгеге өнім өндірілген, өсім 34,2%. Өнеркәсіп өндірісі бойынша аудан үлесі облыс көлемінде 6,9% құрап, 2 орында.
Ауданға 32,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Бағытталған инвестиция бойынша аудан үлесі облыс көлемінде 6,4% құрап, 3 орында.
Кәсіпкерлік субъектілерімен 156,1 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 32,5% құрады.
Ауыл шаруашылығында 108,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,3% құрады. Аудан үлесі облыс көлемінде 11,4%, 2 орында.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,7 млрд. теңгені, өсім 120,9% құрады.

Leave a reply