Воскресенье, 6 октября

САУРАНДА ОРЫНДЫҚ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
134

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірлеген болатын. Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады. Осы ретте Түркістан облысында бірқатар өнеркәсіптік өндіріске қажеттіжұмыстар атқарылуда. Бүгін Сауран ауданы, Иассы ауылдық округінде орындық шығаратын «Хайдаров Валид» цехының ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов, ауыл ақсақалдары қатысты.
Аталмыш цехтың басшысы Валид Хайдаров өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отыр. Жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын цехтың аумағы 0,85 гектар. Бүгінде өндіріс орнында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айына 400-ге жуық үстел шығартын цехтың өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп, сұраныс артуда. Алдағы уақытта цех өндірісінің көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге азаматтарға мол мүмкіндіктер берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көздері ашылуда. Осы тұрғыда аудан әкімі өз кәсібін жасаймын деген әрбір жеке кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсететіндігін айтты.

Leave a reply