Суббота, 21 сентября

Саурандықтар “Таза бейсенбі” акциясына атсалысты

0
58

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын. Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны басталған болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл Сауран» қызметкерлері, Шорнақ бастауыш партия ұйымының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Айта кетейік, алдағы уақытта «Таза бейсенбі» жобасы аясында әр апта сайын белгіленген аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірде алдын ала елді мекендердің ластанған аумағының картасы жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы жерлерді қоқыстан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

Leave a reply