САУРАН: ӨҢІРДЕГІ МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

0
17


Қазақстанның туризм саласы Бүкіләлемдік экономикалық форумның «Саяхат пен туризм» санаты бойынша бәсекелестік қабілеттілігі индексінде 2017 жылғы көрсеткіш бойынша 136 елдің ішінде 81 орынға тұрақтаған болатын. Бұл 2015 жылда тіркелген 85 орыннан еліміздің алға жылжығандығын көрсетеді. Айтылған рейтингті кейбір посткеңестік елдермен салыстыратын болсақ, Ресей – 43, Грузия – 70, Азербайжан – 71, Қырғызстан 115 орынға жайғасқан. Қазақ- станның туристік кластері бойынша президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 57 қадамында «туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту» қажет деп көрсетілген болатын. Қазақстандағы туризм саласының дамуы жан-жақты жүргізіліп келеді. Соның ішінде мәдени туризмнің орны бөлек. Мысалы, әлемдік туристік мекемелердің 2018 жылғы көрсеткіші бойынша, Қазақстанға жылына 4 млн. 560 мың адам келіп, ЖІӨ-нің 5,3% туристік қызметтерден түскен қаржыдан құралып отыр. Бұл көрсеткішті «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарлама- сында» 8% дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазірге дейін ЮНЕСКО тізіміне Қазақстандағы 2 табиғи және 3 архитектуралық объектінің кіруі әлемдік статистикалық көрсеткіштерде Қазақстанның мәдени туризмді дамытуға қолайлы екендігін түсіндіреді. Қазақстанның туризм саласының мәдени немесе этнотуризмге негізделуі оның көне көшпелі өркениет пен Жібек Жолы бойындағы қалалық мәдениеттің сақталуының нәтижесі болып отыр. Себебі Қазақстандағы табиғи және архитектуралық ескерткіштердің бүгінгі күнге жетуі халықтың этномәдениетімен тікелей байланысты. Осы орайда 2017 жылы Қазақстан аумағындағы барлық қасиетті жерлер мен ескерткіштерді зерт- теуге арналған «Қасиетті Қазақстан» жобасын іске асыру басталды. Жалпы, бұл жоба еліміздің мәдени туризм нысандарын анықтап алуға бағытталған деуге болады. Негізі- нен Түркістан облысы Қазақстандағы мәдени және архитектуралық ескерткіштердің көп сақталған ортасы болып табылады. Қазіргі кезде Түркістан қаласының маңындағы археологиялық ескерткіштердің саны 99-ға жетіп отыр. Бұл өңірдегі көне қала- лардың мәдени қабатының тереңде екендігін көрсетеді. Түркістанның көне мәдениетінің соңғы кезеңдері Қазақ хандығымен тікелей байланысады және онда қазақ хандары мен билерінің пантеоны қалыптасқан (өз кезегінде қазақ халқы Түркістанға зиярат етуді «кіші қажылыққа» теңеген). Қаладағы бұл нысан- дар археологиялық және этнографиялық кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Түркістан облысында қазіргі уақытта мәдени туризмді дамытуға бейімделген мемлекет қорғауындағы көптеген объектілер бар. Мысалы, өңірде 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағалы табиғи қорығы Қазақстан- дағы ең көне және алғашқы табиғи қорық болып табылады. Оның көлемі 131 мың 934 гектарды құрайды. Сондай-ақ, бұл тізімге Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі кіреді, оның көлемі 150 мың гектарды құрайды. Ал, Отырар және Сауран көне қалалары мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Домалақ Ана кесенелері және басқа ескерткіштер қазіргі күннің өзінде мәдени туризмнің негізгі объектілеріне айналып отыр. Сонымен қатар, 2018 жылғы көрсеткіштер бойынша, Түркістан облысы көлемінде әр түрлі бағыттағы 27 музей тіркелген. Айта кететін бір жәйт, Қазақстан бойынша музейге келушілердің алдыңғы қатарын аталмыш облыстың музейлері бастап тұр. 2018 жылы облыс музейлеріне 1,967,700 адам келген. Өңірдегі туризм мәселесі әр жылда әртүрлі бағдарламалар тарапынан қаржыландырылады. Мысалы, Түркістан қаласындағы мәдени ескерткіштер 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жібек жолы тарихи орталықтарының өрлеуі, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларының дамуын сақтау және иелену» мемлекеттік бағдарла- масына енген, 2016 жылы «Көне Түркістан» жобасы аясында қаланың бас жоспары мен даму перспективалары қарастырылған болатын. Түркістан облысының (облыс орталығы ауыспай тұрған кездегі жоба) 2018- 2020 жж. арналған бюджеттік инвестициялық жобасындағы мынадай деректерді байқаймыз. Мұнда 2018 жылы облыс көле- мінде туризм бойынша тек Шардара су қоймасы жағалауында туристік инженерлік-ин- фрақұрылымдық жүйелерінің құрылысына 3 жылға 120 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ал, облыс орталығы Түркістан қала- сына ауысқаннан кейінгі инвестициялық жобаны қарайтын болсақ, бұл жоба қайта қарастырылып, жаңа жоспарлар енгізілген. Мысалы, 2019-2021 жж. арналған инвести- циялық жобаға облыстық бюджеттен 2019 жылға жобалау сметалық жұмыстарға 433 млн. теңге, 2020 жылға құрылыс объектіле- ріне 3 млрд. теңге, 2021 жылғы құрылыстарға 6,9 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржының басым бөлігі облыстың көркеюі мен туризмнің дамуына бағытталғандығын көреміз. Мысалы, жоба бойынша Түркістан қаласының өзінде 10 астам ірі мәдени ке- шендердің құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде: Түркістан қаласының бейнелеу өнері музейі, «Ұлы дала елі» орталығы, Опера және балет театры, «Түркі әлемі орталығы», «Күлтөбе» аспан астындағы мұражай, қалалық амфитеатр, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының ішіндегі мәдени-демалыс нысандары, Түркістан облысы тарихи-өлкетану музейінің құрылысы көзделген. Бұл құрылыс объектілерінің дені мәдени туризмді дамытуға бағытталған. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасындағы» ТОП-10 енген туристік нысандарға Түркістан облысы жылына 1,5 млн. турист тартуы қажет. Ал, осы бағдарламада Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қатысты арнайы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері қарастырылады. Бұл кластер Қызылорда облысының орта- лық және шығыс бөлігін, Түркістан облысының оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстікбатыс бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластері кезең-ке- зеңмен кеңейтіліп, «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойындағы елді мекендердегі туристік саланы да дамытатын болады деп күтілуде. Ол өз кезегінде Түркістан қаласы экономикасының туристік-сервистік бағытын дамыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп көзделген. Бұл бағдарламалардың негізгі қозғаушы күші «Қазақстан Республикасы- ның туристік қызмет туралы» заңы болып табылады. Оның 8-бабы 3-тармағында «Қа- зақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру» деген принцип бекітілген. Соның негізінде елдегі этнотуризм ошақтары анықталып тиісті шаралар атқарылуда. Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан қаласына 1 млн. 54,2 мың турист келіп, соның ішінде 33,2 мың турист алыс және жақын шетелдерден келген. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда туристер саны 5,6% артқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, келген туристерге көрсетілген қызметтің көлемі 3 млн. 936 мың теңгені құрап, қаладағы ЖІӨ-нің 4,9% құраған. Қаланың мәдени туризм саласында облыс көлемінде жетекші орынға шығуы, ондағы іргелес мәдени ошақтардың Отырар оазисіне тиістілігімен сипатталады. Сондай-ақ, 2019 жылға Түркістан облысында туризмді дамытуға арналған бірқатар жоспарлар құрылды. Соның ішінде «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы ұйымдастырып отырған «Қызғалдақтар жолы» халықаралық фестивалін айтса болады. Фестиваль аясында Түркістан облысына 5000 жуық қонақ келіп, соның ішінде 1000 жуығы шетелдік туристер болады деп күтілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты Түркістан облысындағы Ақсу-Жабағылы және Сайрам-Өгем табиғи парктерін таныстырып, өңірдің туристік саласын дамытуға күш салу. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1-тоқсанына Түркістан-Самарқанд халықаралық бағыттағы автобус маршрутының ашылуы жоспарлануда. Бұл облыстың экономикасы мен туристік саласының дамуына үлес қосады. Осы жылы Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп жоспарлап отырған Silk Visa бастамасы Түркістан облысындағы мәдени туризмнің дамуына қосымша серпін беретінін айта кеткен жөн. Келешекте оған Қырғызстан мен Тәжікстан қосылуға ниет білдіріп отыр. Жалпы алғанда, Түркістан облысының туристік кластеріндегі мәдени туризмнің орны ерекше. Оның келешекте даму әлеуеті жан-жақты дамытылатын болады. Бұл Қазақстанның тек туристік саласы үшін ғана емес, сонымен қатар, бүкіл Орталық Азияның экономикалық және мәдени платформасы ретінде қызмет атқаратыны сөзсіз. Сондай-ақ, облыс халқының әлеуметтік құрылымының өзгеруіне де оң ықпалын тигізеді.
Дәулет Жайлыбаев,
Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан

Leave a reply