Түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді

0
11

Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында бүгінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде мал шаруашылығы өсіп, өркендеуде. Әсіресе Түркістан облысында түйе шаруашылығы жақсы дамыған, жергілікті тұрғындар түйенің шұбатын саудалап, сауданың көрігін қыздырып жатыр. Соңғы әлетте түйе байлап, мал басын көбейтуді қолға алғандардың қатары артып келеді. Арыс ауданында 5 мыңға жуық түйе бар. Ал осы кәсіппен айналысатын шаруа қожалықтар саны 40-тан асады. Аудан үщін жаман көрсеткіш емес. Дәл қазіргі уақытта Дермене ауылдық округінің өзінде 7 мың тоннаға жуық түйе сүті өндірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының дамуы өте жоғары. Былтыр қой қоздатып, мал төлдетуге қолайлы жыл болды. Өнімі де жақсы. 40 000 мыңдай уақ мал бар. Жуырда Жуырда Арыс қаласында түйе сүтін өңдейтін ARUANA зауыты іске қосылды. Өңір үшін маңызы зор кәсіпорынның ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, зауыт ұжымына табыс тіледі.

«Қалаға инвесторларды тарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламызға қызығушылық танытып жатқандар жетерлік. Инвесторлардың көптеп келуі жаңа зауыт жұмыс орындарының ашылуына, Арыстың дамуына септігін тигізуде», – дейді Гүлжан Құрманбекова.

Зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінен концентрат шығаруға қауқарлы. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Зауытта 15 адам жұмыс істейді.Өнім ішкі нарықтан бөлек, алыс-жақын шетелдерге экспортталатын болады, дейді «Кинг Милк» ЖШС директоры Е.Әнуарбекұлы. Жаңа зауыттың келуімен жаңа жұмыс орындарының саны артып, қала бюджетіне түсетін салық аударымдары көбейіп, жаңа сүт фермалары ашылады. Мал шаруашылығының дамуында Түркістан облысы елімізде алдыңғы қатарда. Еліміз бойынша ірі қара мал санының 12, ұсақ малдың 21, жылқының 11 ал түйенің 14 пайызы өңіріміздің үлесінде. Ет, сүт өнімдерін өндіруде де алғашқылардың қатарынан табылады. Бүгінде осы бағыт жақсы дамып келеді. Сондай ақ, өңір ет экспортында Республикада алғашқылар қатарында. Алдағы уақытта түйе сүтіне деген сұраныс арта түседі деген сенім бар.

Leave a reply