ТҮЛКІБАСТЫҚ КООПЕРАТИВ НАРЫҚҚА ЖЫЛЫНА 15 МЫҢ ТОННА ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРУДА

0
49

Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна бүгінде құрылыс саласында сұранысы жоғары түрлі диаметрдегі пластик құбырларын шығаруда.
Аталған өндіріс ошағына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайымен танысты.
Кооператив директорының орынбасары Тәжібаев Әбдірахманмен нысанды аралап, алдағы жоспарларына құлақ асып, өндірісті ұлғайту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Өз өнімімізді қолдау мақсатында жауапты бөлім басшысына ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына барынша осы жердің құбырларын қолдану керектігін ескертіп, кәсіпкерге бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына аса қажетте тамшылатып суғару құрылғысының бөлшектерін шығаруды ұсынды. Сонымен қатар, өндіріс аумағын ұлғайту мақсатындағы жобаларына мемлекет тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдау түрлері көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс атқарады.

Leave a reply