ТҮРКІСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

0
30

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы әлі де жалғасып жатыр. Осы ретте түркістандық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері акцияға қолдау білдірді. Оның ішінде, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Ұлы Дала Елі» орталығы мен «Оңтүстікфильм» мекемелері бар. Олар сенбілікке белсенді түрде қатысып, көше бойларын күл-қоқыстардан тазартуда. Сонымен қатар аудан-қалалардағы мәдениет қызметкерлері тарапынан да ауланы тазарту және көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінуде.
Жалпы тазалық шаралары қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятуға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынған болатын.Аталған бастаманы қолдау мақсатында апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің азаюына байланысты су тасқыны болған өңірлердің әкімдіктері биылғы маусым айынан бастап республикалық экологиялық акцияға қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Құжат биылғы 1 қыркүйекке дейін дайындалады. Бекітілген тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әкімдіктер алдағы 5 жылға арналған тиісті өңірлік жоспар қабылдайды.

Leave a reply