ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ ЖИДЕЛІ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛМЕК

0
23

Биыл Арыс қаласына қарасты бірнеше елді мекен тұрғындары көгілдір отынмен қамтылады. Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова күре жол бойында орналасқан Жиделі ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде әкім есебі тыңдалып, тұрғындармен өткен жылғы атқарылған жетістіктерді баяндалды және алдағы жоспарлармен бөлісті.


Өткен жылы Жиделі, Аққала елді мекендеріне дейінгі газ құбырының құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары қарқын алды. Жиделі халқының қуаныштары еселене түсті.

-Өздеріңізге белгілі аталған елді мекенді газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарып жатырмыз. Мемлекет сіздерге газды үй іргесіне дейін алып келеді. Сіздер тараптарыңыздан тұрғын үй құжаттарын рәсімдеп, үйге монтаждау жұмыстарына кірісу қажет. Сондай-ақ бұл ауылға былтыр су жаңа 120 орындық ауыл клубы мен кітапханасын аштық. Енді заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыныс енгіздік. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінгенде, оның да құрылысы басталмақ» — деген қала басшысы тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Биыл Жиделі елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни су ұңғымасы тазаланып, су жүйесі жүргізілмеген көшелерге жаңадан құбырлар тартылады. 2024 жылы Жиделіде Абай, Сырдария, Т.Рыскулов, Нартай, С.Сейфуллин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жол салынды. Сондай-ақ, Жиделіде екі каналды күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Ол үшін «3-К-1» және «3-К-3» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін бірінің ЖСҚ әзірленіп, қаржыға сұраныс беріліп қойылса, «3-К-1» каналдың ЖСҚ құжаттары әзірленіп жатыр.

Кездесуде Жиделі тұрғындары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Әр сұраққа заңға сәйкес жауаптар беріліп, шаһар басшысы тиісті сала басшыларына, жауапты бөлімдерге мәселелерді зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, азаматтардың жеке қабылдауы да өтіп, оларды шешу жолдары талқыланды.

Leave a reply