ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 11 МЫҢНАН АСА ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

0
20

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылып келеді. Акция барысында аудан аумағында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық науқанына атсалысқан барша азаматтарға өз алғысымды білдіремін. Экоакция өңірімізде мерзімді емес, тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Келес ауданының орталығы Абай ауылының ішкі көшелерінің бойларына 11 мынан аса гүл көшеттері егілді. Абай ауылының қоғамдық ақылы жұмысшыларымен әкімдік қызметкерлері Жамбыл, Асан қайғы көшесінің қиылысына 2 350 дана роза, 1 050 дана петуня және 320 дана глобус гүл көшеттерін қондырды.

– Гүл кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Ауылымыздың көркейуіне, абаттануына барша тұрғындар атсалысуда. Гүл көшеттері егілетін аумақты жергілік билермен ақылдаса келе таңдадық. Гүл егілген аумақтардың жерін дайындау, қопсыту, ұңғыма қазу, электр қуатымен қамтып тамшылып суғару жүйесі жүргізілуде. Гүл егу жұмыстары аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың ауларында да жүзеге асуда, — деді Абай ауылының әкімі Ерғали Абдрахманов.

Айта кетейік, өткен сенбі күні ұйымдастырылған тазалық шарасы барысында аудан орталығындағы Т.Рысқұлов және Ә.Сатбаев көшелерінің қиылысына 650 дана петуня гүлі егілсе, М.Артықов көшесінің бойы атап айтқанда Ө.Жәнібеков мектебінің тұсына 2 100 дана роза, 1 950 дана петуня және 810 дана глобус гүлі қондырылды. Сонымен қатар, Абай жанар жағармай бекеті маңына 2 500 дана түрлі гүл көшеттері отырғызылды.

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Келес ауданында ауқымды экологиялық іс-шара өткізіліп келеді. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Абай ауылындағы “Ардагерлер” аллеясында көпшілікпен бірге тазалық шарасына қатысты. Аудан басшысы тұрғындарды туған жерді аялауға, оның тазалығын қамтамасыз етуге шақырды.

Аудан көлемінде өткен экоакцияға 5 мыңға жуық аудан тұрғыны, атап айтқанда аудан әкімі аппаратының мамандары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері мен олардың аппараттқызметшілері, аудандық мәслихат депутаттары, медицина мен білім мекемелері, полиция және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар саябақтар мен скверлердің, тұрғын үйлерінің айналасы мен көшелерді ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. Әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізді. Үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды.

Leave a reply