ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ ТАРИФІ 12,4%-ҒА ТӨМЕНДЕТІЛДІ

0
24

Мемлекет басшысы абоненттерді электрмен жабдықтау тізбегіндегі делдалдарды алып тастау жөнінде тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірде электр энергиясының бағасын төмендету бойынша жұмыстар атқарды. Нәтижесінде заңды тұлғалар үшін 2024 жылдың 1 мамырынан бастап электр энергия тарифі 42,23 теңге/кВтсағ-тан 37 теңге/кВтсағ-қа дейін, яғни 12,4%-ға төмендетілді. Жалпы облыс бойынша 32 мыңнан астам абонентке тариф бағасы төмендетілмек. Бұл жайында департамент басшысы Думан Қалибеков брифингте мәлімдеді.

«Сонымен қатар, департамент тарапынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 2022-2023 жылдар аралығында газ желісіне қосу үшін тұтынушылардан негізсіз 164 млн.теңге алғаны анықталып, оны абоненттерге қайтару қажеттілігі туралы нұсқама берілді. Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап «Сарыағаш-тұрмыс» мекемесі үшін сарқынды суларды бұру жөніндегі қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізілді. Нәтижесінде 2024 жылға арналған орташа су тарифі текше метріне 88,52 теңгеден 39,95 теңгеге төмендетілді. Сондай-ақ, Президенттің бастамасымен қолға алынған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы тарифтерді төмендету жұмыстары жалғасатын болады»- деді спикер.

Leave a reply