ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
19

Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС.

Төлеби ауданында бірқатар жаңа нысандардың құрылысы басталып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Өнеркәсіп саласында өткен жылы ауданда 41 млрд 480 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал биыл оны 46 млрд 126 млн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы салада 2 инвестициялық жоба басталып, толық 2024 жылы іске қосылады деп көзделген. Яғни Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехын іске қосу бағытында құны 1 млрд 551 млн теңгеге инвестиция тартылып жатыр. Нәтижесінде 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал «Аймар құс» ЖШС қуаттылығы жылына 440 мың дана құс өсіруді жоспарлап, құны 4 млрд теңгені құрайтын жоба іске асырыла бастады. Қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 24 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Одан бөлек, Төлеби ауданы облыс бойынша туристерді тартуда алдыңғы қатарда. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін де айтты.
Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, сахна, жеке қабылдауға арналған арнайы кабинеттер, мамандар отыратын жеке бөлмелерге дейін толық жөнделіп, әрленуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы әрі толық аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, ХХ ғасырдың 80 жылдары аудан орталығындағы ең ірі мәдениет ошағы болған ғимаратта «Ғарыш» кинотеатры орналасқан болатын. Кейіннен ол ғимарат ағымдағы жөнеуден өтіп, «Жастар орталығына», аудандық мұражайға берілді. Ғимаратта ауданаралық мәдени іс-шаралар, байқаулар өткізіліп келді.

Leave a reply