ТӨЛЕБИДЕ «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

0
12

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 2024 жылға 363,6 млн теңге қаржы қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 30 млн теңгесі игерілген.

Аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын қадағалап, сапасын да бақылады. Жастарды спортқа баулып, салуатты өмір салтын ұстануға негізделген жобаның маңыздылығын атап өтіп, жауапты мердігер мекемеге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді. Техникалық және авторлық қадағалаушы мекеме басшыларына спорт кешені ғимаратының құрылысына қатысты сұрақтар қойып, жауапты тұлғаларға жобаға мұқият болуды ескертті.

Осыған байланысты Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың 3 ай қорытындысы негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасады. Баяндамада көрсетілгендей, 2024 жылдың 3 айының кіріс бөлігі нақты 1 млрд 268 млн теңгені құрап, 391 млн теңгеге жоспардан артық орындалды. Қала, ауылдық округ әкімдіктерінің кіріс жоспары 203 млн 990 мың теңгеге орындалған. Ал, қаржыны игеру барысы 2024 жылдың 1 сәуіріне жоспар 1 млрд 850 млн 792 мың теңге болса, нақты кассалық игерілуі 1 млрд 849 млн 570 мың теңге, немесе игеру жоспары 99,9 пайызды құрап отыр. Аудан көлемінде 3 айда өндірілген өнім көлемі -11 млрд 737 млн теңгені құрады. Тартылған инвестиция көлемі 4,8 млрд теңге. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 6 млрд 440 млн теңге.

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының Төлеби ауданы бойынша нысаналы индикаторлардың декомпозициясының орындалуы барысын түсіндірген бөлім басшысы Түркістан облысының аудан, қала әкімдерінің рейтингі нәтижесі бойынша аудан 8 орында екенін айтты. Сондай-ақ, аудан құрамындағы қала, ауылдық округ әкімдіктерінің рейтинг көрсеткіштерін мәлімдеді. Бюджет түсімін арттыру, салық берешегін азайту, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, әлеуметтік саланы дамыту, әскери дайындық, құрылыс және сәулет саласы, коммуналдық шаруашылықты жетілдіру бағытында белгіленген межені орындамаған басшылардың екінші тоқсан қорытындысымен жауапкершілігі қаралып, шара көрілетіні ескертілді.

Қоғамдық-саяси ахуал бойынша атқарылған жұмыстар барысы бойынща аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Әбдиев баяндады. Төлеби ауданында жалпы халық саны 121 961 болса, оның 31 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалға орай, жұмысшы топ құрылып, жедел хабарлап, кері байланыс орнатуы бойынша «Саяси ахуал» тақырыбындағы «WhatsApp» әлеуметтік чаты ашылып жұмыс жасауда. Топ құрамында 40 мүшесі бар. Топ құрамы тұрақты түрде жаңартылып отырады. Төлеби ауданы аумағында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдарды жедел құлақтандыру және ақпараттық ден қою алгоритмі мен наразылық акциясы туындаған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер алгоритмі жыл басында аудан әкімімен қайта бекітілді. Аудан аумағындағы қала, ауылдық округ аумағындағы өзекті 19 мәселенің щешу жолдары талқыланды.

Аудан аумағындағы ақпараттық саясатты оңтайландыру мақсатында «Төлеби сыни материалдар» ватсап әлеуметтік чаты құрылып, ауданға қатысты шыққан сыни материалдар сонда жіберілетінін айтқан бөлім басшысы Жұман Ғаппарұлы сыни бағытағы ақпараттарға дер кезінде жауап берілу қажеттігін ескертті.

Аппараттық мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы күн тәртібіндегі екінші мәселенің өзектілігін айтып, қала, ауылдық округ әкімдіктері мен сала басшыларына жұмысты ширатуды, немқұрайдылық танытпауды міндеттеді. Берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сәйкес орындаушыдан белгіленген уақытында толық және сапалы орындалу қажеттігін айтып, сыннан қорытынды шығара отырып, бірлесе, ынтымақта жұмыс істеуге шақырды.

Leave a reply