Суббота, 21 сентября

Шардарада «Жаркент крахмал-сірне» зауыты бар

0
77

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданынан барған делегация өкілдері «Жаркент крахмал-сірне» зауытына барып, толық жұмыс барысымен танысты. Шардара ауданында салынып жатқан өндіріс орны бұл зауыттың екіншісі, яғни алғашқы филиалы болмақ. Зауыт басшылығы делегацияға жүгеріден шығатын әрбір өнімнің өңдеу технологиясынан бастап дайын күйге дейінгі кезеңдерін көрсетті.

Дайын өнімдері ішкі нарықтан бөлек, Еуропа мен Азия елдерінде экспортталуда.
Сонымен қатар, делегация зауыттың полипропилендік қапшықтар шығарататын цехтарын аралады.
«Біздің зауытта жүгеріден бөлек, полипропилендік қапшық шығарумен де айналысады. Оған сұраныс жоғары. Өздеріңіз көргендей жүгеріден крахмал,глютен, сироп, қант және басқа да жиырмадан астам өнім түрін терең өңдеумер айналысамыз. Сондай-ақ, мамандарды тәжірибеден өткізу, оқыту бойынша да жұмыс істейміз. Жүгері дақылы ешқандай қалдық қалмайтын сұранысқа ие өсімдік. Біз мақсат екінші зауытымызды Түркістан облысы Шардара ауданынан салу арқылы жергілікті диқандардың шикізат өнімін ала отырып, жүгері егуге машықтандыру. Сондай-ақ, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. 2025 жылы жүгері зауытының құрылысы аяқталса, кез келген уақытта Жаркент зауытынан мамандарды тәжірибе алмаусуға жіберіп отырамыз. Сіздер Жаркенттегі зауытты көріп, толық танысып отырсыздар. Бұл сіздер мен тұрғындардың сенімі мен тәжірибе алмасуы. Біз зауытты міндетті түрде іске қосамыз.»- деді зауыт басшылығы.
Шардаралық делегация Жаркенттегі алып зауытпен танысып, болашағы жарқын өндіріс екендігіне қанық болды. Сондай-ақ, Шардарадағы жүгері зауытының құрылысы аяқталса аудан үшін өте үлкен даму мен тұрғындардың әл-ауқатының артатынына сенім білдірді.

Шардара ауданында жүгеріден 26 түрлі өнім шығаратын зауыт салынып жатыр. Қазіргі таңда өндіріс орнының бір бөлігі іске қосылып, 8 түрлі өнім шығарып отыр. Толығымен іскен қосылған кезде ауданның 500-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. Жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді.
2023 жылы жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысы аяқталды.Ал 2024 жылы жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы басталып, 2025 жылы толық іске қосылады. Зауыт өнімдерін Азия және Еуропа елдеріне экспорттамақ.

Leave a reply