Суббота, 21 сентября

ШАРДАРА: 846 ГЕКТАРР ЕГІСТІК АЛҚАП СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ИГЕРІЛГЕН

0
65

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны көптеп ауқымды түрде енгізу қажеттілігі және суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы орайда, аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандағы ауыл шаруашылығына жауапты бөлімдерге су үнемдеу технологиясын дамытуды тапсырған болатын. Ауданда осы бағытта Алатау батыр ауыл округіндегі «Шұғыла-2» шаруа қожалығының егіс алқабында су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша семинар өткен болатын.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, ауыл округі әкімдері және тиісті салаға жауапты мамандар, мәслихат депутаттары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, БАҚ өкілдері қатысты. Семннарды аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов жүргізе отырып, ауданда су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Қазіргі таңда ауданда 846,0 га жерге су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: 741 га тамшылатып суғару, 105 га жаңбырлатып суғару әдістері ендірілуде. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 19 сәуіріндегі облыс әкімі Д.Сатыбалдының ауданға жасаған іссапары барысында ауылдық округтерде су үнемдеу технологиясын ендіруге қатысты тәжірибе алмасу бойынша шаруалармен семинар өткізуді тапсырған болатын. Осы негізде, семинарда аталған тапсырманы орындау мақсатында атқарылып жұмыстары бойынша «Шұғыла-2» шаруа қожалығының төрағасы Т.Қайназаров атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыра отырып,15,0 га бақша дақылына су үнемдеу технологиясын ендіріп жатқанын, ағынсудың, тыңайтқыштардың үнемделіп жұмсалатынын, сонымен қатар қол күшінің аз қажет ететіндігі жөнінде және тағы да басқа тиімді жақтары көп екенін атап өткен болатын. Аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, барлық ауыл округтеріне су үнемдеу технологиясын ендіруді көптеп қолға алу жөнінде тапсырма бере отырып семинарды қорытындылады.

Leave a reply