Воскресенье, 29 сентября

ЖЫЛЫНА 60-70 ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

0
98
Қарабұлақ ауылының Далабазар көшесі бойындағы «Умар Ата» шаруа қожалығы алма баудың жұмысымен айналысады. Шаруа қожалығын Икрамжан Розақұлов басқарады. Бауға арналған жер көлемі 2,35 гектар. Қожалықтың басшысы 2009 жылдан бері бау өсірумен айналысып келеді.
Алманың жоғары сұрыпты көшеттерін өсіреді. Шаруашылықта жалпы 700 дана көшет отырғызылған.
Аудан басшысы бауды аралап, алманың ішінде «голден» сұрпын көрді. Бір ағаштан 4-5 түрлі дәмді алмалар піседі екен. Бауда жаз және күз маусымында пісе-тін жеміс ағаштары бар.
Кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтыған. Бір жылда 60-70 тонна өнімді облыс аумағына және өзге де өңірлерге жөнелтеді.
Осы орайда алманың адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтпақпыз. Алманың тарихы мыңдаған жылдар бұрын басталған. Бұл жеміс көптеген мемлекеттердің мәдениетінде ерекше орын алады. Ежелгі данышпандар – күніне 2 алманы жейтін адам, ешқашан ауырмайды деп айтқан. Олар қателеспеген, өйткені оның құрамында: B, C, E, калий, кальций, магний, йод, және пектин дәрумендері бар. Артықшылықтары: Дәрігерлер көптеген аурулардың алдың алу үшін, күніне бір алма жеуге кеңес береді. Жасыл алмадан аллергия болмайды. Ол шөлді басады. Өйткені, 87%-ға судан тұрады. Құрамындағы калий мен кальций, тіс эмальін және сүйектерді қатайтады. Алма – калориясы аз жеміс болып табылады. Сол себепті, артық салмақ тастау диеталарында міндетті түрде болады. Бір күнде 2 алма жейтін болсаңыз, холестерин деңгейі 16%-ға төмендейді. Алмалар теріге пайдалы. Ол бетті ағартып, терідегі ұсақ тесіктерді және қабынуды кетіруге көмектеседі. Алманың құрамындағы мырыш (цинк) иммундық жүйені нығайтуға және арықтауға көмектеседі. Инсульттін болу мүмкіндігін 50%-ға азайтады. Ғалымдардың айтуынша, алманы тұрақты түрде тұтыну, асқазан безінің қатерлі ісігінен (рак поджелудочной железы) сақтайды. Асқорытуды жақсартады және ішекті тазартады. Таза ішек – зор денсаулықтың кілті. Жасыл алма ұзақ уақыт бойы қортылады. Сондықтан, аштық сезімі білінбейді. Ішек инфекциялары кезінде пайдалы. Өйткені, оның құрамында каротин, темір және марганец бар. Бұл жемістің көмегімен гастрит ауруын емдеуге болады. Ол үшін оны жақсылап жуып, таңертен жеу керек. Йод – алманың құрамында көп мөлшерде болады. Ол – қалқанша безі (щитовидная железа) ауруының алдын алуына көмегін тигізеді. Алма шырыны мидың қартаюна жол беремейді. Сондықтан, Альцгеймер ауруына шалдығу мүмкіндігі төмендейді. А витамині – тұмаудан және басқа да жұқпалы аурулардан сақтайды.
Айта кетелік, аудан аумағында алма бау шаруашылығы жақсы дамыған. Алманың «Золотой превосход», «Семерянка», «Бес жұлдыз», «Кандил», «Мельба», «Старкрипсон» және жергілікті сұрыптар өсіріледі. Қарқынды бауларда Түркия, Италия және басқа шет елдерде шығарылған сұрыптар әкеліп, егілген. Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты алма жемісі мол болады деген үміт басым.

Leave a reply