Воскресенье, 6 октября

САУРАН: АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ПЕН ТУРИЗМ САЛАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

0
58


Мамыр айы бірнеше мерекелерімен белгілі. Алдымен Қазақстан халқының Бірлігі күні, одан кейін Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдық мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Ұлы жеңістің 80 жылдығына осы бастан дайындалу қажеттігіне, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталған болатын.
«Мен былтыр Ұлттық құрылтайдың отырысында бірқатар ордендерді көрнекті тұлғаларымыздың атымен атау туралы айтқанымды білесіздер. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Бұл отаншылдықты және ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеді. Қазір мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды. Бұл жұмыспен Республикалық комиссия айналысып жатыр. Елімізде әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» ордені бар. Осы мәртебелі орденнің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атаған жөн деп санаймын. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сол арқылы қаһармандарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртамыз. Бұл бастама осы марапаттың мазмұнын байыта түседі. Халқымыздың біртуар перзенттеріне тән ерлік рухы осы ордендердің мәртебесін биіктетеді. Сондай-ақ награда иегерлеріне Отанымызға қалтқысыз қызмет етуге ерекше жігер береді. Мен бұған кәміл сенемін»,-деген болатын.
Осыған орай Сауран ауданында аталмыш мерекелерге орай салтанатты шаралар атап өтілді.
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА ҚАРАЛАДЫ
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды. Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады»,-деген болатын.
Ішкі саясат бөлімінің міндеті — саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру болып табылады. Ішкі саясат бөлімінің мақсаты — ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
2023 жылға ішкі саясат бөлімінің штат санының лимиті 9 адамды құрайды, оның ішінде бөлім басшысы – 1, сектор меңгерушісі – 1, бас маман – 3, келісім-шарт негізінде 4 қызметкер жұмыс атқарады.
Бөлімдегі барлық мамандардың білімі жоғары. Қызметкерлердің орта жасы — 29, ерлер – 7, әйелдер -2.
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 23 штат бөлінген. Соның ішінде басшымен қоса 17 штат өз жұмысын жалғастыруда.
Сауран ауданында 11 белсенді қоғамдық ұйым және 3 саяси партияның аудандық филиалы оның ішінде «Amanat» партиясы – 3 974 адам, «Қазақстан халық партиясы» – 27 адам, «Ауыл» партиясы — 523 адам жұмыс істейді.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ауданда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін 12 орын және бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізудің 12 бағыты белгіленген.
2023 жылы Сауран ауданы аумағында тұрғындар тарапынан бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге 6 өтініш түскен. 2 – өтініштерін кері қайтарып алған,4- Заң нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданған болатын.
Жыл басынан бері аудан аумағында қазіргі таңда халық арасында наразылық тудыруы мүмкін әлеуметтік қауіп ошақтарына 8 мәселе енгізілді.
Енгізілген 8 мәселенің 5-уі толық шешімін тауып, наразылық қаупі төмендеуіне байланысты бақылаудан алынды. Олар Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елдімекенінде ауыз сумен қамтамасыз ету жайы шешілді. Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елдімекеніндегі жеке кәсіпкерге тиесілі суармалы жерлерді қайтару мәселесі, Бабайқорған ауылындағы «Бабайқорған» жалпы орта мектебінің директорының қызметіне қатысты тұрғындардың наразылығы басылды. Сауран ауданы Шаға, Иассы, Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінен Кентау қаласына берілетін жалпы алаңы 75552,36 гектар жер телімдерін берілуіне қарсылығы шешімін тапты. Жүйнек ауылдық округі Шыпан ауылы маңынан берілген 10 гектар жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізуге тұрғындардың қарсылығы мәселесі келісілді. Алда бес мәселе атқарылуын күтіп тұр. Атап айтқанда, Шорнақ ауылдық округіндегі карьер мәселесі, Сұлтанбек Қожанов ауылындағы тұрғындар мен жеке кәсіпкер арасындағы ауыз суды бөлісе алмау, Теке ауылындағы ауыз судың жетіспеушілігі, Ескі Иқан ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, Ескі Сауран ауылындағы ауыз су мәселесі көпшілікпен ойластырыла отырып, шешіледі деген үміттеміз.
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ -ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ КЕПІЛІ
Сауран ауданында ҚМДБ-ның филиалы — 37 мешіт жұмыс істейді. Аудан көлемінде діни бірлестіктер мен олардың филиалдары жұмысына, сондай-ақ миссионерлердің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстары барысында олардың тарапынан қандай да бір заң бұзушылық фактілері анықталмады.
2023 жылы ақпараттық-түсіндіру тобының тарапынан елдімекендерде, мектептерде, колледждерде, мекемелерде 69 кездесу өткізіліп, 3700-ге жуық астам адам қамтылды. Кездесулер барысында елдімекен тұрғындарына, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне және мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, тиым салынған діни экстремистік ұйымдар жөнінде түсіндірілді.
2023 жылы аудан әкімдігінде 18 қазан — Рухани келісім күніне орай, арнайы шара болып өтті.
Шарада дін өкілдері діни тұрақтылықты сақтау бағытында көптеген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу соңында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев бір топ имамға және дін мамандарына аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпатын тапсырды.
Ескі Иқан ауылдық округіндегі Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып өтті.
Кездесуде ғалым, ұстаз Арыстан Оспанов ұлттық рухты оятып, құндылықтарды насихаттайтын имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бойынша өз ойын ортаға салып, жастарды имандылыққа шақырды. Сонымен бірге, айтыскер ақын Біржан Байтуов Руханият керуені облыс көлемінде өтіп жатқандығына тоқталып, осындай кездесулердің маңызы жоғары екендігін атады.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
2023 жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалану арқылы деструктивті діни ағымдарға және діни экстремизмге қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында әлеуметтік желілерде 2500-ден астам материал жарияланып, «Сауран» газетінде діни тақырыптарда 55 мақала жарық көрді.
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Биылғы жылы Сауран ауданы тұрғындарының жалпы саны 101 871 адамды құрады. Ауданда 10-нан астам этнос өкілдері тұрады. Ауданда өзге ұлт өкілдері негізінен Шорнақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шаға ауылдық округтерінде тығыз шоғырланған. 2021 жылдан бастап Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жұмыс атқарады. Төрағасы — Құрманбай Жолданбайұлы Рысбеков. Аудандағы қоғамда қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті сақтау, азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде іс-шараларды іске асыру мақсатында 2021 жылы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» құрылған.
Кеңес құрамына аудандағы беделді ардагер ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестік мүшелері және зиялы қауым өкілдері енгізілген.
Сауран ауданында 19 үкіметтік емес ұйым тіркелген Олардың ішінде 16-қоғамдық бірлестік, 3 — қоғамдық қор бар.
Ауданның үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің түрлі салаларында және басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді.
Сауран ауданында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басым көпшілігі Ескі Иқан (4), Шорнақ, (7), Ораңғай (1), Қарашық (3), Майдантал (1), Жүйнек (1), Шаға (2) ауылдық округтерінде орналасқан. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар ауданның дамуына, қоғамдық жұмыстарына беслене атсалысып, бірлескен жұмыстар мен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Ақпараттық-насихаттық тобының 2023 жылға арналған кездесулер кестесі бекітіліп, аралас мектептерде және аудан тұрғындарымен «Отандық патриотизм деген не? Патриотизм діни тұрғыда. Мен отаныма қызмет етемін!» тақырыбында және «Этносаралық келісімді сақтау және деструктивті діни ағымдарды алдын алу!» тақырыбында 60-тан астам кездесулер өтіп, 1000-нан астам адам қамтылды.
Этномәдени бірлестіктер мен ерікті этнос жастарының қатысуымен “Қамқорлық” акциясы аясында жалғызбасты зейнеткерге және жалғыз басты ананың үйіне көмек көрсетіп 2 қайырымдылық іс-шаралары өтті.
Аудандық мәдениет үйінде этнос өкілдерінің қатысуымен этносаралық татулықты сақтау, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында «1 наурыз — Алғыс айту күні» мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Кентау қаласының әкімдігі мен Сауран ауданының әкімдігі және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесіп «Қарнақ-Шекербұлақ бауырлас ауылдар» тақырыбында Қарнақ ауылында ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға Кентау қаласы мен Сауран ауданының әкімі және зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен жастар қатысты. Іс-шараның мақсаты — Наурыз – тату көршілік пен жергілікті қоғамдастық мерекесі аясында Қарнақ және Шекербұлақ ауылы тұрғындарының достық қарым-қатынасын нығайту, жастарды татулыққа, бірлікке шақыру. Аталған іс-шаралар этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етті.
Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында БАҚ-да және интернет ресурстарда – 210 жарияланым, оның ішінде 32 — облыстық және 178 — аудандық деңгейде жарияланды.
Ағымдағы жылғы 20 наурыз күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігімен бірлесіп зағип жандардың қатысуымен демеушілерді тарта отырып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы 27 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде аудандық Әкелер кеңесімен бірлесіп «Өнегелі әке» байқауы өтті. «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Ішкі саясат бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды. Зағип жандар Үкаша ата кесенесіне зиярат етіп, кесене тарихымен танысты. Аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатындағы жұмыстар да жүйелі жүргізілуде.
Бәрінен бұрын биылғы он облыста орын алған су тасқыны Қазақстан қоғамындағы түрлі күш құрылымдарын, төтенше жағдай мекемелерін, жастар мен волонтерларды, барша еріктілерді бір байрақтың астына бұынғыдан да топтастыра түсті. Ендігі барша биліктің міндеті тасқын су салдарларын дер кезінде жойып, үйсіз-күйсіз қалған адамдарға баспана салып беру, мал-мүлкінің орнын толтыру. Бұған да алпауыт компаниялармен қосылып, олигархтар да қарапайым халық та үлкен ұйымшылдықпен кірісуде. Алдағы уақытта мұндай ауқымдағы апатты жағдай болмасын деп тілейік.

Leave a reply