Воскресенье, 6 октября

ОТЫРАРДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

0
74

Бұл туралы Шілік, Ақтөбе ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу жиынында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы атап өтті. Ол өз баяндамасында 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 13,7 шақырым болатын 16 ішкі көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 48,5 шақырым автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 15 елді мекендегі көшелер ретке келтірілмек. Соның ішінде Ақтөбе ауыл округі, Ақтөбе елді мекеніндегі «Шілік-Ақтөбе» автожолына, Шілік ауыл округі, Жаңа Шілік елді мекеніндегі №1, №2 көшелеріне ағымдағы жөндеу және С.Сейфуллин, Ескі Шілік елді мекеніндегі №3 көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Кездесу барысында Жансұлтан Әділжанұлы ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап еріп, жиында көтерілген кейбір өзекті мәселелерді өз бақылауына алатынын айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу соңында ауыл қариялары аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжановтың есебін оң бағалап, ақ баталарын берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамыту мәселесі тура­лы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл–Мем­лекет басшысының жаңа прези­денттік мерзімдегі бірінші Жар­лығы. Осылайша, аталған құ­жат арқылы Үкіметке ауылды дамы­тудың бес жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын.

Leave a reply