Воскресенье, 29 сентября

КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

0
64

Кентау қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Бүгінде қалаға қарасты ауыл тұрғындары да өз өлкелерінің тазалығына үлес қосуда. Кентау қаласының аумағына кіретін Ащысай ауылының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Азаматтар аймақты күл-қоқыстардан тазартты. Одан бөлек, үй маңайларындағы шөптерді қырқып, су арналарының бойларындағы қоқыстарды жинады. Акция аясындағы тазалық жұмыстары ұдайы жалғасын таппақ.

Айта кетейік, экоакция аясында осы уақытқа дейін Кентау қаласында 130 тоннадай қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, 25 мың түп түрлі гүлдер егіліп, 8500-ге жуық ағаш көшеттері егілген.

Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде тапсырма берген болатын. Бұл тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар. Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат. Үйдің тазалығы іргесінен, ауласынан көрінеді. Ал, таза көше мен көгал саябақтар елдің айнасы іспетті. Қоршаған ортасы таза елдің жаны да таза. Осындай мысалдарға толы «тазалық» сөзінің мағынасы терең. Жеке тазалықтан бастап, қоғамдық тазалыққа дейінгі әрекеттердің барлығы адамның шынайы ниетімен жасалатын дүние.Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға 17 облыс пен 3 қаланың тұрғындары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Әр өңірдегі жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция 5 аптаға жоспарланған. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы 8 сәуір күні басталды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде мәлімдеді. 5 аптаны айырықша атауларға бөліп, қоршаған ортаға қажетті жұмыстарды нақтылап та берді.

Leave a reply