Воскресенье, 6 октября

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ КООПЕРАТИВ НАРЫҚҚА ЖЫЛЫНА 15 МЫҢ ТОННА ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫР ШЫҒАРУДА

0
60

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік қолдаудан бөлек, облыс басшысы жергілікті кәсіпкелермен жиі кездесіп, ашық диалог орнатып тұрады. Аталған бағытта Түлкібастық тұрғындардың өндіріс саласына қосқан үлесі көп. Оған дәлел Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна платикалық құбыр шығаруға қауқарлы. Бүгінде құрылыс саласында сұранысы жоғары түрлі диаметрдегі пластик құбырларын шығаруда. Аталған өндіріс ошағына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайымен танысты.

Кооператив директорының орынбасары Әбдірахман Тәжібаевпен нысанды аралап, алдағы жоспарларына құлақ асып, өндірісті ұлғайту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Өз өнімімізді қолдау мақсатында жауапты бөлім басшысына ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына барынша осы жердің құбырларын қолдану керектігін ескертіп, кәсіпкерге бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына аса қажетте тамшылатып суғару құрылғысының бөлшектерін шығаруды ұсынды.

Мемлекет басшысының инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде тапсырма бергенін
Сонымен қатар өндіріс аумағын ұлғайту мақсатындағы жобаларына мемлекет тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдау түрлері көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросының соңғы ресми ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің саны жыл басымен салыстырғанда 25 мыңға артып, 209 мыңға жетті. Өңіріміз кәсіпкерліктің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін үшінші орында.
Аталған шағын және орта кәсіпкерлікте 263 611 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, Түркістан облысында 2022 жылдың қорытындысымен 1,4 трлн. теңгеге өнім өндірілген. Оған қоса, өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі соңғы ресми ақпаратқа сәйкес 25,4%-ға (2023 жылға жоспар – 22,5%) жетіп, ағымдағы жылға бекітілген меже асыра орындалып отыр.

Leave a reply