Суббота, 5 октября

Төлеби: Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 1 800 жылқыны бордақылауда

0
62

Төлеби ауданында экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Биылғы жылы Төлеби диқандары (үй іргелік жерді қоса есептегенде) 65,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 22,1 мың гектары астық, 100 гектары ноқат, 5 гектары дәндік жүгері, 10,8 мың гектары майлы дақылдар, 29,3 мың гектары жоңышқа, 1,2 мың гектарына картоп және 1,8 мың гектарына көкөніс егілді. Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқталсам. Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты. Бүгінде ауданымызда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтимыз. Өздеріңіз білетіндей, аудан тұрғындарының 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарымызды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып оның 479 млн. теңгесіне 83 азаматтың жобалары қаржыландырылды.

Төлеби ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 8 айда 27,6 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 31,2 млрд. теңгеден асты (2023 жыл жоспар 46 млрд теңге). Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі былтыр 8 айда 25,6 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылы 11,7 пайызға артып 28,6 млрд. теңгеге жеткен (2023 жыл жоспар 42 млрд теңге). Аудан, қалалардың кесіндісінде Төлеби ауданы өнеркәсіп саласы бойынша 3 орынға жетіп отыр.

Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Ленгір қаласында «KAZPLAST» компаниясы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа тігін цехының құрылысын бастады.Келесі жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы – жылына 90 мың қысқы арнайы жұмыс киімдерін тігу. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, өзіндік кірістер 8 айында 2 млрд. 146 млн. теңгені құрап 18,2 пайызға немесе 392 млн. теңгеге артты. Ал жыл соңына дейін 3 млрд. 673 млн. теңгеге жетеді. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізетін болады.

Leave a reply