Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті

0
47

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын ілгерілету мақсатында қаулы етемін:

Қоса бекітілсін:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.

Үкіметке осы Жарлықтан туындайтын шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау тапсырылды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған