Ташкентте «Иннопром» халықаралық көрмесі басталды

0
61

Өзбекстан астанасы Ташкентте «Иннопром» халықаралық көрмесі басталды. Шараға өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген 300-ден астам компания қатысып, келіссөз жүргізеді. Көрмеде қазақстандық кәсіпкерлер де өз өнімдерін ұсынды. Делегацияны премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Ташкентте Қазақстан өзінің машина жасау, металлургия, химиялық өнеркәсіп пен медицина салаласындағы тың технологияларын көрсетті. Форум аясында отандық кәсіпкерлер әріптестерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады. Өзбекстанның машина жасау саласында қазақстандық өнімдер кеңінен қолданылады. Сондықтан бұл форум экспорттық әлеуетті арттыру үшін зор мүмкіндік. Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы: — Біздің экспорттық потенциалымызды көбейтуге, біздің машина жасау саласындағы шығып жатқан машиналар, тракторлар, комбайндар басқа да машиналардың сұранысы Өзбекстанда болғасын және де экспортта соны көбейтуге үлесін қосатын болады осы келісімшарттар. Жалпы екі жақта машина жасау саласында сұранысты толтыруға болады. Сол себептен бүгінгі кездесулер, жасалған шарттар бәрі екі жақтың экономикасын дамытуға үлесін қоса береді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған