Воскресенье, 29 сентября

САУРАН: МУЗЕЙ — ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

0
9

Музей мәдени мекеме ретінде әлеуметтік мәдениеттің нақтыланған және материалдандырылған тиімділігіне ие. Ал, пән ретінде антропология әлеуметтік мәдениетті зерттеу және жазу артықшылығына ие. Осылайша әлемдік музей ісі аясында музейлік этнография бағыты қалыптасты. Яғни, музейлік этнография – мәдени антропология мен музейдің тығыз ынтымақтастығының жемісі деп айтуға болады.
Музейлік этнографияның ретке келуі заманауи адамзат танымының шежіресімен қатар жүрді, яғни эволюция теориясы, тарату теориясы және тарихи спецификат ертедегі адамдарда біртіндеп пайда болды, олар музейлік этнографияда экспонаттарды жинау, жіктеу және орналастыру өлшемдерін басқарды.
Музей антропологиясы тарихы – бұл антропологияның пән ретінде және музей мәдени көрме мекемесі ретінде бір-біріне жақын және бір-біріне тәуелді болатын тарихы. Бұрын Еуропалық Ренессанс кезеңіндегі «кұндылықтар кабинеті» (curiosity of cabinet) болған этнография музейі «алыстағы құпиялар» және «экзотикалық басқалар» көрмесін өткізетін орын болып табылған еді. Аристократия мен мәртебелі таптың мәдени мәртебесінің нышаны ретінде кабинеттің құрамдас бөлігі табиғат нысандары мен адам өмірінің мәдени өнімдерін қамтиды. Коллекторлар барлығын көрсетуге, табиғат пен адамзаттың шындығын және тарихын шектеулі кеңістікке шығуға тырысады, осылайша микрокосмостың абсолютті шеберлігі мен макрокосмостың символдық шеберлігін растайды. Музей жинақтарын Жәңгір ханның отбасы сыйлаған хан ұрпақтарының киімдері, сәукеле, жібек көйлектер, асыл тастармен безендірілген бархыт шапандары ерекше толықтырды. Осы жинақталған құнды жәдігерлердің негізінде 1831 жылы Орынбор губерниялық музейі ашылды» (Әлімбай, 2009: 13;Hyрсан Әлімбай, 2018: 43; Амирова,2019; Картаева , 2005: 579). ХІХ ғасырдың екінші жартысында құрылған музейлер: Орал музейі (1859), Семей музейі (1883), Жетісу музейі (1898). ХХ ғасырдың басында құрылған музейлер: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі (1915), Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі (1915), Көкшетау музейі (1920), Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі (1924), Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі (1929), Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі (1932). 1830 жылы құрылған Орынбордан ашылған музейі 1929 жылы Алматы қаласына көшірілді. 1931 жылы Жетісу музейі коллекциясын қосып, негізінде ҚР Мемлекеттік орталық музейі болып құрылды. Бұл Азиядағы ең бай этнографиялық экспонаттары бар музей болып саналады. Сонымен қатар, Қазақстандағы ең ірі ғылымизерттеу мен білім-беру мекемесі және мәдениреставрация орталығы. ХХ ғасырдың аяғында, Қазақстандағы музейлердің саны 139-ға жеткен (Абикенова, 2014; Кайназарова, 1995; Мұстапаева, 2011). Ал, 2019 жылғы мәлімет бойынша Қазақстандағы музейлердің саны 245- ке жеткен, коллекциялар мен көрмелерде 3,6 миллионнан астам экспонат бар. Музей кеңістігіндегі экспонаттардың мағынасын көрсету арқылы ол экспонаттардың түсінігі мен түсіндірмесін жаңғыртып, музей кеңістігінің ретін қалыптастырады. Атап айтқанда, бір жағынан, музейге келушілер экспонаттарға көз жүгірте отырып, мұралардың мәдени және тұрмыстағы қолданыстық маңызын түсінеді. Екінші жағынан, музейге келушілер өздерін экспонаттар ұсынған музей кеңістігіне орналастырады, ал музейге келушілер музей кеңістігін жасаушылардың бірі болады.
Қазақстан музейлерінде қазақтың ұлттық дәстүрлі мәдениетін көрсету өте маңызды және мазмұнды болады. Ірі, кешенді музейлердің барлығында дерлік этнография залы, тұрақты көрме жұмыс істейді, көрменің негізгі мазмұны – көшпелі өндіріс тәсілдері және қазақ халқының дәстүрлі жергілікті танымы. Мысалы: киіз үй, тұрмыстық керек-жарақтар, тұрмыстық киізден жасалған бұйымдар мен тоқыма бұйымдары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған құралдар, ер тоқымдар, ұлттық музыкалық аспаптар, дәстүрлі ойындар, халықтық білімдер, шаманизмге байланысты дәстүрлі емшілігі (бақсылық, сүйек, ветеринарлық) және т.б.
Бұл экспонаттар негізінен теріден, киізден, ағаштан, сүйектен және алтын мен күмістен жасалған бұйымдардан тұрады. Ал, кішігірім мемлекеттік мекемелердің, белгілі бір ұйымдардың музейлерінің параметрлерінде, қазақтың дәстүрлі этнографиялық бейнелері негізінен киіз үйдің шаңырағын безендіру, сонымен қатар көшпелі тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар және басқа қазақ ұлттық дәстүрлі мәдениетін көрсететін экспонаттардан құралады және көрнекті жерлерде көрсетіледі. Тұрақты тарихи көрмелер. Қазақстанда табылған археологиялық жәдігерлер мен суреттер көрмесі арқылы, музейге келушілерге палеонтология және антропологиялық эволюциясы, қазақ ұлтының эволюциясы, қазақ хандығының тарихы, түркі халықтарының тарихы туралы баяндайды. Мысалы, көптеген музейлерде 1969 жылы Есік өңірінде табылған «Алтын адам» мен жануарларға арналған әшекейлері қойылған. «Алтын адам» қазақ даласындағы көшпелі атабабалардың керемет металлургиялық өңдеу технологиясы мен бай рухани мәдениетін ұсынады. Сонымен қатар, Ежелгі Жібек жолы мен қазақ хандығының тарихы, сондай-ақ орта ғасырларда оңтүстік қазақтарға енгізілген исламның даму тарихы, ертедегі патшалардың кесенелері үлгісінде, ежелгі қала қирандыларының және араб жазбаларының нысандарында көрсетілген.
Елдегі басқа ұлттардың, диаспоралар мәдениетін және шетелдегі қазақ диаспорасын көрсету. Негізгі жергілікті халық қазақтан басқа, Қазақстан аумағында130-дан астам этникалық топ тұрады, олардың ішінде орыстар, украиндар, ұйғырлар, корейлер, татарлар, өзбектер, дұнғандар т.б. бар. Көптеген этникалық топтардың мәдениеттері, діндері және музыкалық стильдері бар, олар Қазақстанның түрлі-түсті мәдени байлығын жасайды. Қазіргі уақытта 4 миллионға жуық қазақтар Қазақстаннан тыс 40- тан астам елде таралған. Бұл шетелдегі қазақтар өздерінің дәстүрлі мәдениетін сақтайды. Көрменің бұл бөлімінде негізінен олардың көшіқон тарихы, өмір сүру тәсілдері, киім-кешектері көрсетілген. 5. Соғыс тарихын көрсету. Қазақ халқы ежелден-ақ бостандықты сүйетін, жауынгер және қайсар күрескер халық болған, тарихта көптеген соғыстар мен қысымдарды бастан кешті. Мысалы, XVII ғасырдағы жоңғар хандығымен соғыс, ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлық шапқыншылығы, ХХ ғасырдағы сталиндік ұжымдастыру кезеңіндегі екі үлкен 73 Ұрығмыл ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс, 1986 жылғы желтоқсандағы саяси оқиғалар және т.б. Қазақ ұлтының және Қазақстанның тарихы бөлігінде, саяси қудалаудың тарихи көрме залы, соғыс және ұлттық тәуелсіздік туралы тарихи материалдар, соғыс қарулары мен суреттері қойылған. Сонымен бірге мемориалдық музейлер, бұрынғы резиденция музейі және ұлтазаттық қозғалыс жетекшілерінің өмір тарихын көрсету де маңызды нысан болып табылады.
Музей мәдени мекемесі коллекцияларды жинау және көрсету үшін кеңістік орны ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтары мен жұмыс логикасын бейнелейтін қоғамның микрокосмосы болып табылады. Бір жағынан музей адамзат тарихының нақты дәлелдерін жинақтайды, осылайша адамзаттың өткен тарихын нақтылайды. Екінші жағынан, музей сонымен бірге қоғамның мәдени бағдары мен құндылығын қалайтындығын көрсетеді, содан кейін қоғамның даму тенденциясын болжайды. Антрополог Franz Boas «егер этнографиялық нысандар өздері өндірілетін ортадан, олардың айналасындағы заттардан және оларды өндірушілерге әсер ететін құбылыстардан оқшауланған болса, олардың мәнін толық түсінуге болмайды» – дейді (Franz Boas, 1985: 79). Басқаша айтқанда, музей экспонаттары біртұтас заттың тұсаукесері емес, белгілі бір этникалық топтың «контексін» көбейту болып табылады. Егер «музейге кіру» бөліну сызығы ретінде қабылданса, этнографиялық заттардың қоғамдық өмірін екі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – музей заты ретінде кірмес бұрын этнографиялық ортада заттарды өндіру, айналымы және тұтынуы, олар нақты әлеуметтік қатынастарға қатысады; Екінші кезең – бұл этнографиялық заттарды олардың қалыптасуы мен айналымының әлеуметтік мәнін қалдырып, музей салған жаңа жүйеге жабық статикалық кеңістікке енеді. Яғни, екінші кезең – бастапқыда этнографиялық объектілердің әлеуметтік өмірін қиындату сияқты. Алайда, «контекс» көрме режимінде панораманы қалпына келтіру арқылы нысандар «модельденген» өмір сүру ортасына оралды және контекстуалдандыру процесін бастан өткереді. Яғни, бұл мағынаны қайта тағайындау процесі. ХХ ғасырдың соңында антропологиялық теориялық көкжиекке қайта енген «мәдени тұтастық» пен заманауи «жаһандық интеграцияның» даму тенденциясы, диахроникалық, динамикалық және тік құрылымдардың тұтастығына көп көңіл бөлінеді. Қалалық мәдени ортадағы антропологиялық музейлер үшін «тірі күй» деген атпен түрлі көрме нысандары және коммерцияландырудың эрозиясы музейлерге көбірек қиындықтар туындатады. Ғылыми зерттеулер және саяси мен мәдени құндылықтарды бағалайтын әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алып, этнографиялық нысандарды сақтау және бейнелеу жөніндегі музей мекемесін жүргізу қазіргі қазақ музейлерінде сөзсіз шешілетін мәселе болып табылады. Қазіргі заманғы қазақстандық музейлік этнография құрылысына қатысты келесідей өзекті мәселелер туындайды: музей мекемесінің бизнесін қалай дамыту, дәлірек айтсақ, этнографиялық экспонаттарды жинау, сақтау және көрсетуге жаңа көзқарастың керектігі; сонымен бірге ғылыми зерттеу мекемесі ретіндегі академиялық мәртебе мен беделді қалай арттыру керек; мемлекеттік саясатқа және әлеуметтік мәдениетке бағдарланған әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға қатысты шешімдер қабылдауға болады.

Leave a reply