Суббота, 5 октября

ҚАЗЫҒҰРТТА “ТАЗА АУДАН — ТАЗА ЖАҒАЛАУ” АТТЫ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
26

Қазығұрт ауданының орталығы және барша ауыл округтерде аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен «Таза аудан — таза жағалау» атты ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мұндай игі шараға 800-ге жуық мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, ауыл округі тұрғындары, белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Сенбілік барысында ең алдымен ауыл арасындағы барша ірі каналдар, арық-атыздар арнасы, суағарлар қоқыстан тазартылып, облыстық және аудандық маңызы бар жол бойлары, саябақтар, кәсіпкерлік және басқа да қоғамдық нысандарда шөп ору, қасбеттерін әрлеу, құрылысын ретке келтіру секілді жұмыстар жүргізілді.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудан орталығындағы сенбілік барысын жаяу аралап, барша арық-атыздардың жай-күйін көріп, өз сын-ескертпелерін айтты. Сондай-ақ, ауыл округі әкімдігі қызметкерлері мен аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлеріне арық бойларына қоқыс тастаушыларға ескерту жасап, кейінгі кезекте айыппұл салып, тазалыққа шақыру керектігін қатаң тапсырды. Кемшіл тұстарды түзетуді және барша істі тиянақты атқаруды жүктеді.
Тазалық — денсаулық кепілі. Күз мезгілі келіп, жауын-шашын мөлшері көбейетін тұста мұндай сенбіліктің маңыздылығы жоғары. Сондықтан, барша аудан тұрғындарын өз ауласын таза ұстап, үлгілі қоғам мен экологиялық мәдениет қалыптастыруға шақырамыз.

Leave a reply