Шымкентте әскери оқу орындарының курсанттары өздерін офицер рөлінде сынап көруде

0
42


Шымкент гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдерінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының төртінші курс курсанттары әскери тағылымдамадан өтуде.
Бірінші күннен бастап курсанттар әскери тағылымдамадан өту үшін тағайындалған әскери лауазымдардың міндеттеріне сәйкес қызметтеріне кірісті.
— Бір ай болатын тағылымдама аясында біз өзіміздің әскери мамандығымыз бойынша қажетті білім мен тәжірибе аламыз, қару-жарақ пен әскери техниканың түрлі үлгілерін зерттейміз және солармен жұмыс істейміз. Сондай-ақ, командалық – әдістемелік дағдыларды арттыру үшін біз бөлімшелер командирлері мен қызметтер бастықтарының міндеттерін орындаймыз, ішкі тәртіпті қадағалап, жауынгерлік әзірлікті тексеруді жүзеге асырамыз, — деп бөлісті төртінші курс курсанты Әлібек Мұхамедияров.
Тағылымдама барысында болашақ офицерлер дипломдық жұмысты дайындау және мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін қажетті білім алады. Курсанттар үшін әскери тағылымдамадан өту-бұл пайдалы білім және тәжірибе жинау мүмкіндігі. Тәжірибелі офицерлердің басшылығымен олар бөлімшелердің жеке құрамымен үнемі байланыста болады.
Бұдан басқа, болашақ офицерлер жергілікті мектептердің оқушыларымен кездесулерге қатысып, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түсу тәртібі туралы түсіндірме жасайды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған