Шымкентте: «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті

0
49

Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды Аptamedia.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» және Шымкент
қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерімен бірге кезекті ‘’Есірткіге жол жоқ!’’ акциясы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру. Болашақтары үшін кері әсер ететінін түсіндіру,жаман әдеттен аулақ болуға баулу.

Іс-шара аясында Абай аудағы 1 мамыр және Құрманбеков атындағы көшелері, Еңбекші ауданының 11 мөлтек ауданындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелерде 18 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары өшірілді.

Бүгінде департамент қызметкерлерімен есірткі құралдарын интернет желісі арқылы таратумен, сондай-ақ олардың сілтеме парақшаларын графикалық сурет түрінде жарнамалаумен және насихаттаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған