Шымкент: Абай кітапханасы қайта жаңғыртудан өтті

0
46

Бүгін 19 МАУСЫМ — Қала күніне орай Шымкент қаласындағы қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат қатысты.
Қонақтар кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай–ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаладағы 6 кітапхана осындай модернизациядан өткен болатын. Кітапханаларға және өзге де әлеуметтік, кәсіптік нысандарға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, қала әкімі мен мәслихат хатшысы бастаған арнайы топ өкілдері «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне барды. Онда тарихи-мәдени және жер асты музейлердің жұмыстарын көрді. Аталған тарихи-мәдени кешен 2021 жылы наурыз айында жұмысын бастаған еді. Музейлерде ескі жәдігерлер, тарихи маңызы бар түрлі заттар сақталып, қаламыздың тарихын айшықтайтын тарихи орынға айналған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған