Жолдау: Құқық қорғау саласындағы «Үш буынды модельдің» тиімділігі талқыланды

0
46

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің заң факультетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының Прокуратурасы, Сот, Полиция департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер Департаментінің мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында нақты бөліп, үш буынды модельді енгізе отырып, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар аталған тақырып аясында өз баяндамаларын оқып, профессор-оқытушылар өзара пікір алмасты. Іс-шара соңында Заң факультетінің деканы Сарықұлов Қ.Р. дөңгелек үстелге қатысқан барлық қонақтарға арнайы алғыс хаттар табыс етті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған