Әл-Фараби ауданының мерейлі отбасылары анықталды

0
52
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында «Мерейлі отбасы» байқауының 1-ші кезеңі аяқталып, топ жарған 4 отбасы аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Енді ауданның «Мерейлі отбасы» атанған 4 отбасы қалалық Ұлттық конкурста бақ сынайтын болады.
Аталмыш байқауға құжаттар 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданды, оған қатысуға 20 отбасы өтініш берген. Үздіктерді анықтайтын арнайы комиссия құрылып, оның құрамында аудан әкімі Рашид Мыңбаев, «Самғау сенім» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Фарида
Байзахова, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Келесбай Жұмағұлов болды.
Комиссия мүшелері үздік отбасыны рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін отбасы мүшелері туралы түсірілген видеоролик мен тапсырған құжаттары арқылы анықтады. Сондай-ақ байқау шарттарына сәйкес қысқа роликте отбасының салт-дәстүр мен салауатты өмір салтын ұстануы да басты назарға алынды. Ал ата-аналар мен балалардың жеткен жетістіктері және марапаттары сайыста қосымша бал ретінде берілді.
Айта кетейік, қалалық конкурсқа жолдама алған отбасылардың құжаттары 1- 15 шілде аралығында қаралады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған