Мұрат Әйтенов: мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби дүниеге келеді

0
49
Өткен жылы Шымкент қаласында 31 445 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 342-ге артқан. Үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен жүз жиырма  сәби дүниеге келеді. Яғни әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайға берген сұхбатында миллионды қаланың бүгінгі демографиялық жағдайына туралы айтқан болатын.
«Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер мен үшемдердің де саны артты. Иә, қала халқы 90-жылдардағы төрт жүз мыңнан қазір бір миллионнан асты. Демографиялық өсім де — ел тәуелсіздігінің жемісі, яғни Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. Отыз жыл бұрын қалада алпыс тоғыз мың оқушысы бар жетпіс екі мектеп болса, қазір екі жүз жиырма алты мың оқушы оқитын жүз сексен алты мектеп бар»,-деп атап өтті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған