Шымкент- тәуелсіз қазақстанның үшінші мегаполисі

0
49
Шымкент — Қазақстандағы спорт дамыған қалаларының бірі.
Қалада дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен отыз бір спорт ұйымы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда қалада спорттың алпыс сегіз түрі дамып келеді, жиырма мыңнан астам спортшы спортпен шұғылданады, мың бір жүз он жаттықтырушы жұмылдырылған.
2021 жылы дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылданумен қамтылған азаматтардың саны қала тұрғындарының жалпы санының отыз үтін алты пайызын құрайды.
Төрт жылда бір өтетін ең айтулы ойындар — 2021 жылдың жиырма үшінші шілдесі мен сегізінші тамызы аралығында Жапонияның Токио қаласында өтетін отыз екі жазғы Олимпиада ойындары.
Шымкент қаласының спорттық қоржынында бүгінгі таңда спортшылар он бір олимпиадалық лицензияға ие болды.
Қазақстанның ең мықты спортшылары біздің Оңтүстік мегаполисіміздің намысын Токиода өтетін отыз екі жазғы Олимпиадада қорғайтын болады, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған