НЕСИЕЛІК БАҒЫТТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

0
66
Шымкент қаласында тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және тұрғын үйге алуға мүмкіндіктер жасау аясында тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігі артып келеді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында несиелік бағытта тұрғын үй мәмілелерін жасап, баспаналы болған азаматтар саны 1553-ке жетті. Оның ішінде «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 581 азамат тұрғын үймен қамтылған. Оның 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер қатарында.
Бұдан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы алғашқы нарықтан 972 азамат несиелендіру шарты бойынша баспанаға ие болды.
Сонымен қатар, биыл жергілікті атқарушы органның жоспары бойынша пайдалануға берілетін кредиттік тұрғын үйлер саны – 60 (3 824 пәтер).
Аталған үйлерді келесідей бағыттар бойынша сату жоспарлануда: «Шаңырақ 5-10-20» бағыты бойынша – 27 үй (1728 пәтер), «5-20-25» бағыты бойынша –18 үй (1088 пәтер), «7-20-25» бағыты бойынша – 15 үй (1008 пәтер).
Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша өңірлер шеңберінде бөлінген лимитке сәйкес, 589 азамат екінші нарықтан «Отбасы банк» арқылы несие негізінде пәтермен қамту көзделген.
Қорыта айтқанда аталған кредиттік тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда кредиттік негізде 4 413 отбасыны пәтермен қамту жоспарлануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған