«TABA INDUSTRIAL» ЖШС «ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН

0
41
Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай бірнеше кәсіпкерлік нысандар онлайн форматта тұсауы кесілген болатын. Жаңадан бой көтерген кәсіпкерлік нысандарының бірі — дөңгелектер, бақша арбалары және баспалдақтар өндіретін «TABA INDUSTRIAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл туралы Infonews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Бұл жоба жылына 150 000 дана дөңгелек, 300 000 дана бақша арбасы, 60 000 дана баспалдақ шығаратын болады. Өндіріс Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында 0,6 гектар аумақта орналасқан.
Бүгінде «Тассай» индустриялық аймақта жалпы құны 28,1 млрд теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, кәсіпорында 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» секілді мемлекеттік бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген.
Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған