ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
44
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзілген болатын. Сонымен бірге, осындай келісі-шарт түзудің тиімділігі һәм пайдасы жөнінде тұрғындарға түсіндірілді.
Нәтижесінде, аудан бойынша 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99% құраған. Алдағы уақытта аталған көрсеткішті — 100 %-ға жеткізу жоспарда.
Жалпы Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында 67 қоқыс алаңшалары бар. Алаңшаларды қызмет көрсетуші «ЭкоСпецТранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелері ай сайын тазалап, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, ішкі орам көшелер мен аулалардың тазалығын ұйымдастыру, көшелерді жуу, инертті материалдарды себу, күл-қоқыстарды шығару, ирригациялық жүйелер мен бордюрлер жанын тазалау, тағы да басқа механикалық жұмыстарды «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн сайын кестеге сәйкес жұмыс атқаруда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған