Шымкент: «Газ құбырларының қорғау аумағын сақталуы» тақырыбында онлайн-конференция өтті

0
45

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Газ құбырларының қорғау аумағын сақталуы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналысқа Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылым даму басқармасының, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ның өкілдері қатысқандар. Жиналыс барысында газ құбырларының қорғау аумағының сақталуы және газ құбырларының зақымдануы бойынша проблемалық сұрақтар, аварияларды жою және алдағы уақытта оның алдын алу мәселелері тылқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әрбір сигналға жұмыс тобының шығуын ұйыдастыру және заң бұзушыларға тиісті шара көру жөнінде келісілді. Тиісті органдарға жер учаскелерін беру және сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде талаптардың күшейтілуін қамтамасыз ету ұсынылды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған