ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛДЕРІНІҢ ТАЗАЛЫҒЫ НАЗАРДА

0
64
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 4 жерасты, 1 жерүсті өткелі бар. Атап айтсақ, Анаров көшесі, Темір жол вокзалының алдында, Рашидов және Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында, Ахмет Байтұрсынов көшесі бойындағы жерүсті өткелі бар. Ал Төлеметов көшесі және Бәйдібек би даңғылының қиылысында, Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябақ алдындағы жер асты өткелі орналасқан. Аталмыш өткелдердің жағдайы мен тазалығы аудан басшылығының назарында.
Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев жауапты мамандармен бірге ауданға қарасты жерасты өткелдерін аралап, тазалығын көрді. Оларды күтіп ұстаумен айналысатын мекеме қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында әкім жерасты және жерүсті өткелдері үнемі таза, қала тұрғындарына жағымды болуын тапсырды. Сондай-ақ, жерасты өткелдеріндегі жарықтандыру жүйесін назардан тыс қалдырмауды да ескертті.
Айта кетейік, аталған аумақтың күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ТехЭкоСервис» ЖШС-ы санитарлық тазалық жұмыстарын кестеге сәйкес аптасына екі рет жүргізіп отыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған